Әнші Әміренің жұрттан жасырған жаңалығы қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бас айналдырарлықтай танымалдылық, гострольдік сапарлар мен үздіксіз сұқбаттар... Бұның бәрі Әміренің бүгінгі өмірі. «Әлсіз адамды атақ – аянышты хәлге түсіруі мүмкін. Бәрі мен жұлдыз аурымен ауырып жүр деп ойлайды. Ол қате», - дейді әнші.

Әміре, әнші:

– Менің кредом – түзу жүру. Енді мінсізбін деп айта алмаймын. Бірақ бәлкім сырт көз сыншы. Кейбір сәттерде біреудің дұрыс емес сөйлеп көңілін қалдырған кездер бәлкім болған шығар және де қателік жасамайтын адам жоқ. Әркімнің ойы әртүрлі.

Қала берді, соңғы кездері Әміренің артынан «Бүркіт деген лақап атты Айбек Жансейітовтан рұқсатсыз еншілеп алды» деген әңгіме ере бастапты. Бұған қатысты әншінің өз айтары бар.

Әміре, әнші:

– Жоқ, мен Айбек ағамен көрістім. Жылы екеуіміз ой бөлісіп, әңгімелесіп, әзілдесіп: «Әміре, мен ғой Бүркіт»,-деді. Сондықтан мен енді кімге қалай ыңғайлы біреу Ернар дейді. Шын атымды Ернар. Біреу Әміре, біреу Бүркіт дейді. Сондықтан ешкімнің еншілеп алған ештеңем жоқ.

Одан бөлек Әміре соңғы кездері, желіде тректері трендте жүрген әншілермен дуэт жазуды бастапты. Бірақ әзірге ол процесс тоқтап тұрғанға ұқсайды.

Әміре, әнші:

– Тұрар Алматыда, мен Астанада. Басқа проекттерде жүрмін өзім қазір өзге елде. Уақыт жағы, график өте сәйкес келмеді. Сондықтан болашақта менің концертімде бәлкім өлең айтамыз.

Бірақ концерттің нақты уақыты белгісіз. Өйткені талай доданың жүлдегері, осы жолы да шетелдік жарыста бақ сынап жатыр екен. «Сайыстың атын да әзірге жариялай алмаймын», - деді.

Әміре, әнші:

– Енді қазір жылдың соңына дейін бір жобадамын. Ол жоба жақында көрсетіледі. Сол жобаны аяқтап алу керек шыны керек. Қазір бүкіл күш сонда жұмсалып жатыр. Иә, вокалдық жоба. Халықаралық. Мәскеуде болып жатқан шетелдік конкурс. Сонда қатысып жатырмыз.