Ерболат Беделхан Kyle Ruh-пен каллобарация ұсынбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Kyle Ruh тыңдарманын жинап, жас музыканттарға арналған өнер кеңістігінде жеке кешін өткізді! Күннің суығына қарамастан, фанаттардың көптігінен ине шаншыр жер болмады. Алайда, жанды дауыс пен ерекше атмосфераны тоғыстырған концертті жоғары деңгейде өткізу Ерікке оңайға соқпапты.

Kyle Ruh, музыкант:

Кішкене қиындау екен, өзің жүргізіп, өзің өлең айтып, бүкіл нәрсе өз қолыңда. Өз, бүкіл назар сенде болғаннан кейін кішкене жан-жаққа бүйтіп, алаңдап қалады екенсің, ән айтам ба немесе сөйлейін ба деген сияқты. Енді үйрену керек деп ойлаймын, опыт.

Жастар арасында өз аудиориясын тапқан Kyle Ruh-қа бүгінде, продюсерлер тоқтаусыз қызығушылық танытып отырса керек. Десе де, әндеріне өзі авторлық етіп жүрген музыкант продюсерсіз жұмыс істеуге ниетті.

Kyle Ruh, музыкант:

– Продюсердерден түседі ия әрине, бірақ қалай айтсам екен, уже бүкіл нәрсені, өзің білгеннен кейін, қажет емес сияқты.

Ал Кайлдың бүгінде негізгі табыс көзі – әріптестеріне ән жазу. Оның айтуынша, кішігірім концерттер мен түсірілімдер болмаса, стримингтік сервистер ақылы қаржыға кенелу мүмкін емес.

Kyle Ruh, музыкант:

– Пайда табыс көзі бізде ондай қатты емес, өйткені бізде дистрибуция әлі күнде дейін дұрыс жұмыс істемейді. Шынымды айтсам қаржыға тіреліп қалған ештеңе жоқ, достар бар бауырлар бар, өнерге қызығатын, өнерді жақсы көретін шынайы адамдар бар. Сол адамдардың көмегімен бір заттар жасалуда.

Осылайша, Kyle Ruh өнердегі достарының көмегімен енді жеке бейнебаянын жарыққа шығармақ. Ал музыканттың 10 тректен тұратын альбомы бір айдың ішінде тыңдарманға ұсынылмақ.