«48 hour film race» кинобәйгесі ең үздік жас режиссерларды анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Киногерлердің басын қосқан «Снять за 48 часов» кинофестивальі осымен алтыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр. Бұл марапат жас режиссерлар арасынан ең үздіктерді анықтау үшін ұйымдастырылады.

Аталмыш шараға қонақ болып келген Айсұлу Азимбаева киноиндустрияға бет бұрған таланттарды қолдауға әзір. Актриса тіпті талай рет жастардың фильмдеріне тегін де түскенмін дейді.

Айсұлу Азимбаева, театр және кино актрисасы:

– Білесіздер ме, мен жас кезімде көптеген студенттердің фильмдерінде тегін түсіп бердім. Қазіргі таңда да жастарды қолдауға дайынмын. Оларға кеңес бере алатын тәжірбием де жетерлік.

Аталмыш кинобәйгенің талабы бойынша, жас режиссер 48 сағаттың ішінде қысқаметрлі туынды таспалауы қажет. Талай жыл бұл сайыста әділ-қазылық еткен Карим Қадырбаев бүгінде отандық киногерлер мақтауға тұралық дейді.

Карим Қадырбаев, киносыншы:

Мен жас режиссерлар арасынан Айтөре Жолдасқалиды атап айтар едім. Оның соңғы түсірген «Шекер» атта веб-сериалынан қандай креативті екен көруге болады және Айтөре заманауи киногерлердің бірі. Менің ойымша болашағы бар.

Күллі Азия бойынша ұйымдастырылған халықаралық конкурс АҚШ консулы Кэролайн Сэвидждің қолдауымен өткен еді. Шарада жеңіпаз 1 млн теңге мен «New York Film Academy»-де оқу мүмкіндіге ие болады. Кешке арнайы келген Кэролайн Сэвидж жас режиссерлердің еңбектеріне таңқалған екен.

Кэролайн Сэвидж, АҚШ-тың Қазақстандағы Бас консулы:

– Білсеіздер ме мен Шымкент қаласында болғанда бірнеше жаас қазақстандық режиссерлармен танысып, олардың жұмыстарын көрдім. Таңқаламын деп ойламадым, көңілімнен шықты.

«Снять за 48 часов» конкурсында «үздік фильм» номнициясы бойынша Өзбекстандық Шокир Холиков жеңіпаз атанды. Қырғыстандық Автандил Батырбеков үздік режиссер деп танылды. «New York Film Academy» онлайн курсына ие болғандар арасында отандық жас талант Иллайла бар. Сондай-ақ, «жоба авторлары таңдауы» аталымымен Болат Ермұрат пен Жанель Ризабекова топ жарды.

Жанель Ризабекова & Болат Ермұрат, жас режиссерлар:

– Осы түсірілімнен кейін менің құлшынысым оянды. Бұл фестиваль бізге киноинндустрияға баспалдақ деп ойлаймын. Осындай мүмкіндікке рақмет.