ННН-нің жұрттан жасырып жүрген жаңалығы қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қымбат маркалы, көшалды көліктер, атақ пен абырой, соңғы кезде ННН-нің екінші атына айналғандай. Бірақ тынымсыз түсірілімдер мен тоқтаусыз сұқбаттар, жобалар мен жаңалықтар блогерді кей-кейде қажытады екен. Десе де, Нұрдәулеттің айғар өз әдісі бар. Ол – отбасы.

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

– Психолог дегендерге бармаймын. Психолог, депрессия дегенді түсінбеймін мен. Мен енді ауылдан келген адаммын. Ондай жоқ бізде. Ондайды білсең бірақ, ойланып қалады екенсің. Депрессия ма деп ше...

Тіпті желі жұлдызы өзін жаңа қырынан сынап көру үшін, 12 сериядан тұратын, ерек бағыттағы телехикая таспалап қойған. «Сюжет желісі өте қызық. Өйткені оны кәсіби мамандар жазды және жұмыс істеді», - дейді. Блогерді басқа да телевизиялық жобаларға шақырады екен. Бірақ Нұрдәулет уақыт таппай жүргенге ұқсайды.

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

– Құдай қаласа сериал шығады. «Мир без зверей» деген. Өзіміз түсіріп болдық уже. Сериалдарға шақырады. Мен өзім актер емеспін ғой. Әзірге главный рольде ойнағым келген жоқ. Өзім түскен кинолардың өзінде главный роьде ойнамаймын.

Қала берді ННН хитмен әртістермен трек шығаруды да жоспарлап жүргенге ұқсайды. «Барлық бағыт пен жанрды көргім келеді», - дейді өзі.

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

– Мен табыс таппағам өлеңнен ешқашан. Өлеңнен, кинодан. Просто для галочки ғой енді. Барынша үйренгім келеді өзім, көргім келеді. Барлық жанрда.