Аңдамай сөйлеп, аузы күйген атақтылар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ағымдағы жылдың қаңтарында Қуат Хамитовтың үстінен сот отырысы өткені белгілі. Онда ММА файтерінің желіде айтқан пікірі талқыға түсті. Республикалық көлемде сот та өтті. Хамитовқа 6 ай көлемінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Осы уақыт ішінде ол тұрақты жерінен кете алмады және құзырлы органдардың тексерісінен өтіп тұрды.

Қуат Хамитов, ережесіз жекпе-жек спортшысы:

– Қандай жаза болмасын, шетелге шыға алсам болды. Өйткені мен алға қойған мақсат, жекпе-жектерім бар. Сондықтан шетелге шыға алатын азамат болсам болды ең бастысы.

Мерізімі аяқтала сала, ол Сочи қаласында Мариф Пираевпен сайысқа түсті.

«Дарынсыз дизайнер» дәл осы сөзден кейін Жадыра Сахиева: «Меруерт Түсіпбаеваны үш жылға қаматып, 20 миллион теңге өндіремін», - деп әншінің үстінен арыз жазған болатын. Бірақ кейін сот отырысы өткен соң, екі жақ бір бітімге келіп, татуласқаны тағы есімізде.

Jado, сәнгер:

– Мен кешірім сұраймын Меруерт ханым, бірінші бастағаныма, кешіріңіз...

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

– Бірінші бастаған Жадыра Сахиева! Бірінші бастаған Жадыра Сахиева кешірім сұраса, сұрады! Менде екінші болып кешірім сұраймын. Жадыра Сахиевадан кешірім сұраймын.

Қазақстандық шоу-бизнесте бірін-бірі сотқа беріп, шу шығаратын тек қана бикештер емес. Мәселен, Талғат Теменов «Авторлық құқықты бұзды» деп Баян Алагөзованы жауапқа тартқысы келгені есімізде. Жанжалға сеп болған экс-Есентаеваның «Станция судьбы» картинасы.

Теменов оны «Станция любви» киносының жалғасы деп түсінген. Кейін фильм кинотеатрларға шыққан соң ғана, ойының қате екенін біледі. Ал Баянның Талғатқа өз айтары бар.

Баян Алагөзова, продюсер:

– Біз онымен келісуге тырыстық, Бірақ, қолымнан келмеді. Талғат Теменов менен қаржы өндіріп алуды ғана көздеді. Сценарийді білмей жатып, фильмді көрмей-ақ сотқа бергені таңқалдырды.