Жұбаныш Жексенұлы дәстүрлі әндерге жаңа дем берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұбаныш Жексенұлының кезекті ән кеші әдеттегідей жанды дауыста, бэк-вокалдың сүймелдеуімен өтті. Талай хиттың авторы атанған өнер иесі, бұл жолы дәстүрлі әуендерді қайта жаңғыртпақ ниетте.

Жұбаныш Жексенұлы, музыкант:

- Адам енді үйренген нәрсеге бәрімізде солай, үйренген нәрсемізді жақсы көреміз ғой, әуеспіз. Ол сапалы жақсы ән болса, ол бірден хитке айналып жатады. Соған қарағанда қазір хит жазбай жүрміз ғой. Әлі де біраз жұмыс жасау керек.

Жұбаныш су жаңа үнтаспасын ұлы Әбілқайырдың көмегімен жарыққа шығарған екен. Абик альбомның өңдеуі мен оранжировкасына жауапты. Жексенұлының тұңғышы «бұл әкеме деген тартуым» дейді.

Abik Jeksen, музыкант:

- Мен мына оранжировкамен айналыса бастағалы бері, әкеме бұрыннан өзінің сүйіп айтқысы келетін жаңағы дәстүрлі әндері бар еді, соны бір кәсіби түрде студияда жазып, кәсіби түрде бір ән жинақ жазу ойда жүретін. Қолда тұрғанда неге істемеске деп.

Жұбаныш Жексенұлының орындауындағы халық әндерін алғаш болып тыңдағандардың бірі - Жеңіс Ысқақова. Эстарда жұлдызы: «Ескі әуендерді тыңдарманның жүрегіне жеткізе білу кез-келген музыканттың қолынан келе бермейді», - дейді.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

- Жалпы мыңдаған халықтың жүрегінен орын таба кетуі ол кездесе бермейтін дүние, кейде бір ортаң қол әндердің өзін Жұбаныш орындаған кезде, ол бәрібір тыңдарманына жеткізеді. Сондықтан да мен айтамын орысша айтқанда: «Жұбаныш тот певец который из говна делает конфетку», - деймін да.

Ал «Халық сарыны» атты жинақ 13 композициядан тұрады. Үнтаспа толықтай «JaJa Band» ұжымымен орындалған. Еске салсақ, Жексенұлы 1 жылдан бері аталмыш топтың продюсері.