Хомяк лақап атымен ТМД-ға танымал Алина Ким енді актриса атанбақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Алина Ким бүгінде тиктоктағы 34 млн-ға жуық оқырманымен және 600 млн лүпілпен мақатана алады! ТМД елдері бойынша аудиториясы ең көп блогер атанған ол 2019 жылдан бастап тиктокта белсенді. Алғашында қарапайым қызығушылық үшін видео түсірген ол, мұндай жетістіккке жетем деп ойламаған.

Алина Ким, тиктокер:

– Өмірім күрт өзгерді, себебі бұған дейін қарапайым мектеп оқушысы болған едім. Ал, қазір мені Мәскеуге жұлдыздардың өздері шақырып жатыр.

«Yolo House» ұжымының мүшесі жуырда тіпті ресейлік «Comedy Club» шоуына арнайы шақырту алып, қонақ болып қайтқан да еді. Блогер қатысқан бұл бағдарлама Ютубта 2 аптада 5 млн-ға жуық қаралым жинаған.

Алина Ким, тиктокер:

– Менің қатысуыммен «Comedy Club» бағдарламасы шықты. Маған қонақ болған қатты ұнады. Тек көп жерді кесіп тастағандары болмаса, былай күшті шыққан.

Осылайша, Хомякқа елімізде ғана емес өзге мемлекеттерден де сұраныс артуда.

Алина Ким, тиктокер:

– Танымал болғалы көбіне ұсыныс шетелден түсіп жатыр. Соның арасында Түркия, Ресейден шақырту алдым.

Енді Алина Ресейге қайта оралмақ. Блогер болашақта актриса ретінде де кино саласынан да бағын сынап көргісі келеді. Бұл оның бала кездегі арманы екен.

Алина Ким, тиктокер:

– Болашақта тиктокер немесе блогерліктен өскім келеді. Мысалы мен алдағы уақытта актриса болуды қалаймын. Фильмдер мен телехикаяларда түссем деймін.

Еске салсақ, алдағы уақытта Хомяк ютуб платформасына арналған тикток жайлы деректі фильмде бой көрсетеді.