Өнер алаңы қазақстандық қай әзілкешке тарлық етіп жүр? Есен Елеукен кімге даму туралы кеңес берді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әзіл бұрынғыдай емес! Дәл осылай деген Есен Елеукен қазіргі жайдарманның жайына көңілі толатынын айтады.

Есен Елеукен, Қазақстан КВН Одағының президенті:

– Әзілің жарасса, атаңмен ойна дейді. Атасымен ойнау үшін оған деңгей керек. Яғни, сол атасы түсінетіндей. Жанамалап айтады, орағытып айтады, мақтамен бауыздап айтады дегендей түрлі теңеулер бар. Соған лайық жұмыс жасау керек.

Қаншама жылдан бері жастардың жолын ашып жүрген Елеукен-тегі, өзінен жобалардың концепциясын көшіретін кейбір адамдар жайлы да астарлап айтып өтті. «Жастар іздену керек қой», - дейді ол.

Есен Елеукен, Қазақстан КВН Одағының президенті:

– Екі нәрсе жетіспейді. Біріншісі – маркетинг, менеджемент және авторлық. Бұның мектебін қалыптастыру керек. Бір деңгейде қалмау керек. Сондықтанда жұмыс жасау керек ең бастысы. Сосын біреудің сыртынан күндей бермей, біреуден көрмей кінәні, негізі өзі ізденсе, жұмыстанса көп нәрсеге қол жеткізуге болады.

КВН-нен шығып, бүгінде біраз телевизиялық жобалардың жанында жүрген – Нұрсұлтан Жақсыген: «Бізді әліге дейін мойындамайтындар көп. Бірақ уақыт бәрін өз орнына қоюда», - дейді.

Нұрсұлтан Жақсыген, әзілкеш:

– Кеше бір ағамыз айтты «КВН өнер емес» деген сияқты бір. Қарап тұрсаңыздар кино саласында болсын, басқа да жобаларда юмор жағынан жүрген барлығы КВН-щиктер. Әзілдің сапасы төмендеген жоқ. Ол аға буындардың өскендігі.

Құрылғанына қанша жыл өтсе де КВН айналасындағы әңгіменің толастамай жатқанына қынжылған Алматы КВН филиалының директоры – Оңдасын Құлымбетов. Оның пікірінше, бақталастық болған да, бола береді де.

Оңдасын Құлымбет, жайдарманшы:

– Әрбір адам өзінше бір тұлға болып қалыптасқысы келеді. Жұлдыз болғысы келеді. Сондықтанда әркім осы бір саланы шұқып кетеді. Сондықтанда біреуінде жақсы. Ал біреулерінде өкіншішке орай. Сол «Өкінішке орайлардың» кесірінен кейбір адамдарға да тиіп кетеді осы пікір, қазір арзан деген.