Медет Аманбаевтың продюсерлерге неге көңілі толмайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Көпшілік Медет Аманбаевты «Патруль» телехикаясының кейіпкері ретінде таниды. Продюсерлер оны киноға түсуге шақырар болса, еңбекақысының құны белгіленген арнайы «прайс-парақшасы» бар екен. Алайда актер еліміздегі киноиндустрияны кейде сауда-саттық саласына ұқсатады.

Медет Аманбаев, актер:

– Бекітілген гонорар бар. Бірақ ол әрдайым шегеріліп тұрады, плавает. Өйткені, басқа елдерде қалай екенін, бірақ бізде Қазақстанда бағаны түсіру дейтін кәдімгі күнде өмірде кездесетін нәрсе. Актерлерге де байланысты.

Кішкентайынан кино әлемінде жүрген актриса Тамирис Жанғазинова карантин кезінде біршама жобалардан шақырту алған. Өнерпаз продюсерлерге тәжірибелі актер ретінде өскенін айтып, гонорарына өзгерістер енгізіпті.

Тамирис Жанғазинова, актриса:

Әрине карантин кезінде проекттер аз болды. Бірақ гонорар яғни өзіңді, қалай айтса болады көтеріп жатсаң, шеберлігіңді көтеріп жатсаң онда бағаң да көтеріле береді. Шарттар болады, себебі кинода өте көп уақыт жүргеннен кейін көп нәрсені көресің, көп нәрседен өтесің содан кейін шарттарың болуы тиіс деп ойлаймын.

Ал актер Олжас Әлжановқа карантин керісінше әсер етіпті. «Тіпті, киноға шақыртудың өзі азайып кетті», - дейді өнерпаз. Сондықтан өнер жолында кездескен кез-келген ұсыныстан бас тартпауға тырысқан.

Олжас Әлжанов, актер:

– Бәріне шыны керек ақша керек, жұмыс керек. Келісесің. Бұрындағыдай жобалар көп емес. Таңдау аз болғандықтан сөйлесуге, тырысуға проектті жіберіп қоймауға келістіресің. Бірақ өзімнің принциптағы бағаларым бар одан төмен түсе алмаймын деген сияқты ғой. Өйткені еңбек бағалануы керек.

Отандық телехикаялар мен веб сериалдарда төбе көрсетіп жүрген Еділ Анарбайдың еңбекақыға келгенде продюсерлерге қояр талабы әр түрлі.

Еділ Анарбай, актер:

– Белгіленген гонорарым бар, бірақ айтпай-ақ қояйыншы. Мен келіскенді жақсы көремін. енді қымбат емес, арзан емес орташа. Әр адам қанша тұратынын мысалы өзінің бағасы болады ол мейлі веб сериал болсын және сериал болсын. Бірақ киноға уже басқаша сөйлесеміз.