Несиеге қазақстандық өнер өкілдерінің көзқарасы қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жеңісхан несие алуда тәжірибесі барын жасырмайды. Тіпті режиссер кезінде кредитке үй де алған екен. «Оның ақшасын әлі төлеп жатырмын. Аз қалды», -дейді ол.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

– Үйдегі алған кредиттер бар. Соған енді көмектесіп, ол кредиттерді төлеуге міндетті түрде қалай айтсам болады жауапкершілікті аламыз өзімізге. Сондықтан енді бірақ өз басыма кредит алдым осындай осындай деген жоқ. Соңғы уақытта Алматыға келгенде бір үй алдық сол үйдің бірен сараң кредиттары қалды көп емес.

«Блогерлер ақшаны күреп табады», - деген қағиданы жоққа шығарған Дәке, қалтасына түскенді банкке беріп жатқанын айтып қалды. Бірақ Есенбайұлы қыруар қаражатты неліктен алуға мәжбүр болғанын, жасырын қалдыруды жөн санады.

Дәулет Есенбайұлы, блогер:

– Кредит менде дәл қазіргі таңда бар. Айтпай-ақ қояйын просто айына 1,5 миллион төлеймін. Шүкір Аллаға несібемізді беріп жатыр ғой. Төлеп жатырмыз.

Ал бүгінде бірталай толықметрге түсіп, көшалды актрисалардың біріне айналған – Жанель Мақажан қарыз бен несиеге қарсы жұлдыздардың қатарынан екен.

Жанель Мақажан, актриса:

– Бірақ енді менде болған соң арасында бір майда кредиттер алып қалатын жәйт болады. Бірақ дегенмен осындай үлкен қомақты қаражаттағы осындай қарыз алу дегенге мен бас тартамын.

Ал Жарқынай Ханайым керісінше, кредиттен қорықпайды. «Бастапқы жарнасын беріп, көлік алдым. Төледім. Кейін оны сатып, басқа қымбатырақ авто алдым», - дейді актриса.

Жарқынай Ханайым, әнші, актриса:

– Мысалы мен ол машинаны әлі ала алмай жүретін едім. Егер кредит болмаса. Мысалы қазір айфонды армандап та жүретін бе едім. Декрет кезінде жаңа айфон алдым. Айфон 11-ді. Бөліп-бөліп мысалы төлеп тастадым. За то қазір қолымда айфоным бар және қалтамнан да қатты теппеді. Жалпы кредитті ойлап тапқан адамға мен үлкен рақметімді айтатын едім.