Жұрттан жұп екендерін жасырып келген жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мұхит ассақ та, танып қояды! Ерке мен AZ жұп екендерін жасырудың қиын болғанын айтады. Кейін тіпті тығылу да тиімді болмай кетіпті. Нәтижесінде олар араларында сезім барын жұртқа жариялауды жөн санаған.

Ерке Есмахан, әнші:

– Біз енді кездесіп бастағанда, өзімізше ойладық, ой жасырамыз, ешкім білмейді. Не істейді, ешкім білмейді. Бірге көрмесе болды ғой деп сүйтіп ойлап жүрген кезде, екі айдан кейін Дубайға кетіп қалдық. Енді Алматыда спокойно жүре алмаймыз. Енді Дубайға барайықшы деп. Сүйтіп Дубайда бізді ұстап алды. Суреттер шығып кетті, видеолар шығып кетті.

Ал 2rar мен Мерейдің хикаясы көпшілікке әліге дейін түсініксіз. Екеуі де қарым-қатынастарын растамайды және жоққа да шығармайды. «Бәрін айтатын сәт туады», - дейді Мерей.

Мерей Абилов, блогер:

– Жеке өмірді айтудың қажеті жоқ публикаға. Мен всегда анандай нәрсені ұстанатынмын да, маған сөз салды ма үйленуге содан кейін айта берейін ладно. А оған дейін мен ешқашан айтпаймын деп. Әлі сондай ойдамын. Бірақ та қазір жеке өмірімде тыныштық. Басым бос.

Кезінде 91 тобындағы мембермен көңіл жарастырған Зирузаның әндерін жұрт осы уақытқа дейін «Балаға арналды» деп келген еді. Бірақ жақында сұқбаттардың бірінде, Q-Pop ханшайымының 2 жыл бойы Азат Жұмаділ есімді актермен көңіл жарастырғаны белгілі болды.

Ziruza, әнші:

– Ән жайдан жай шықпайды сондай бір махаббатты көргенде немесе қиналғанды көргенде мүмкін жазған болар ол әнші, сол үшін менің ойымша әрбір адамға байланысты.