Жұлдыздар видео құттықтау үшін қомақты қаражат талап ететіні рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде өнер өкілдері желі арқылы қалтасын қалыңдатып жүргені рас! Түрлі жарнамалар мен видео курстардан бөлек, онлайн арқылы ақылы құттықтау да трендке іліге бастағандай. Тиматиден бөлек, блогер ННН-ге де дәл осы тәрізді ұсыныс білдіретіндер көп.

Нұрдаулет Бектұрсын, блогер:

- Маған негізі ондай ұсыныстар келген Ақтау қаласынан, 50-100 адам жиналады. Суретке түсесің, кетесің 2-3 млн ақша берейін деп. Отказ берген болатынмын. Мен негізі суретке түскен кезде видео жолдау жібермеймін, өйткені бір адам бір суретке түседі, 10 видео жолдап жіберді, ондай 1000 адам бар. Оның бәріне үлгермей қаласың.

Асылхан Төлеповтың да «Видео құттықтау жолдаңызшы» деп қолқа салатын жанкүйерлері жетерлік. Танымал актер: «Қанша қалағаныңмен, барлығына бірдей үлгермейсің», - деп отыр. Десе де, өнер иесі ол үшін ақша алудан аулақ.

Асылхан Төлепов, кино және театр актері:

- Туған күн құттықтау шыны керек күнде келеді. Күнде әйтеуір бір класстасым болсын, досым болсын немесе басқа бір спорттағы балдар бауырларымыз болсын аға, осындай бауырымның туған күні еді, бауырым осындай інімнің туған күні еді. Қарындасым туғані еді, көп келеді.

Есесіне, Жеңісхан Момышев мұндай бастаманы қолдап, видео құттықтауды ақылы етуді құп көрді. Алайда режиссер бұл еңбегін қаншаға бағалайтынын білмейді.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Қазіргі Тиматидің істеп жатқаны бұл негізі бір 5-6 жыл бұрын Қазақстанда болды емес па. Қазақстанда болып, менің өтірік айтпасам, естуім бойынша Рахат Тұрлыханов кажется сондай сайт жасап істеген. Ондай енді ақшаға поздравлять етіп жатса, 5 минуттық жұмысқа, почему не поздравить.