Меруерт Түсіпбаеваның ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА 25 ЖЫЛ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Меруерт Түсіпбаева соңғы уақытта шығармашылық емес, әлеуметтік желіде белсенді екені белгілі. Тіпті, әншінің әрбір айтқаны дауға ұласып кететіні рас. Енді өнер иесі ғаламтор арқылы ғана емес, өмірде де түйіткілді мәселелерді қозғамақ. Түсіпбаева көпбалалы аналарға жәрдемдесетінін мәлімдеді.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

– Елге қалай көмектесуге болады. Елге қалай жаңағы қарлығаштың қанатымен су сепкендей болсын, қолымызда не бар, қандай көмек бере аламыз деген сияқты және де осы бір хабардлы үлкен қуанышпен мен айта кетсем болады. Құдай амандығын берсе, біз осы жаңа жылдың қарсаңында көпбалалы аналарға біз көмек береміз.

Қайырымдылық жасауды ұйғарған Меруерт Түсіпбаева: «Сәтін салса үлкен қор ұйымдастырамын», - деп отыр. Эстрада жұлдызы көмекке мұқтаж көпбалалы аналарды керек-жарақпен қамтамасыз етпек.

Түсіпбаева қоғамдық істерден бөлек, бүгінде сән саласында да өзін байқап жүр. Әнші жас дизайнерлермен бірігіп, нәзік жандыларға арналған коллекция ұсынған болатын.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

– Енді мен ойлаймын жаңағы барлығымыз дизайнер болып кетпесек те, негізі кішкентай кезімізден қазақтың қыздарын ою ойып, тоқыма тоқып дәл біздің дәл қазіргі уақытта болмаса да, дәл біздің кезеңімізде біз киім де тіктік, киім де піштік өйткені ешқандай киім де болған жоқ.

Меруерт соңғы кездері шығармашылығын шеттетіп қойғанын жасырмайды. Әнші тіпті: «25 жылдық мерейтойына арнап ауқымды концерт бермеймін», - деп отыр.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

Қазіргі таңда еліміздегі жағдай қиын. Қайтадан пандемия басталып кету қаупі төніп тұр. Сондықтан да, үлкен концерт жасамаймын деп шештім. Себебі, бұл үлкен жауапкершілік.

Десе де, Меруерт Түсіпбаева фанаттарын ұмыт қалдырмақ емес. Әнші күні кеше жанкүйерлерінің басын қосып мастер-класс өткізді. Ал, аталмыш шараны «Alatau Creative Hub» ұйымдастырып отыр.