Отандық өнер өкілдері арасында әлі де аккаунты жоқ жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрлан Абдуллин әлеуметтік желіні аса мойындағысы келмейді! Өнер иесі үшін виртуалды әлем мүлде жат дүние. Сондықтан әнші инстаграм ашып, оны жүргізуге қарсы болған.

Нұрлан Абдуллин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

– Бұрынғы заманның адамымыз ғой. Тәрбие сондай ма, ол инстаграм деген тұра салып, анда кетіп бара жатырмын, мұнда кетіп бара жатырмын. Қыз балаларға ондай жарасатын сияқты, еркектерге.

Толқын Забирова болса, баласының өтінішімен аккаунт ашқан. Себебі әншінің атынан фейк парақшалар жүргізіп жүрген алаяқтар көбейген. Забирова: «Оның алдын-алу үшін ресми түрде тіркелуге тура келді», - дейді.

Толқын Забирова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

– Алдында біреу ашып алды да менің атымнан, соны «Мам, сен инстаграмда жүр екенсің ғой білмеймін білмеймін дейсің» біледі екенсің ғой бәрін де дейді. 87 мың ба, бір жүзге жуық, ия сол, лайк па немене деуші еді сол жиналған. Немене ол түсіндіріңдерші, көрсетіп беріңдерші деп ашып қалсам, шынымен де біреу менің атымнан ашып қойыпты инстаграм.

Бүгінде инстаграмда парақшасы болса да, аккаунтын өшіріп тұратын жұлдыздар жетерлік. Соның бірі - жас актер Асқар Ильясов. Интернеттен жиі үзіліс алатын Асқар осылайша желіден демалып тұруды жөн көреді.

Асқар Ильясов, актер:

– Ондай инстаграм, фейсбук дегендерден демалу керек. Өйткені басың толып кетеді. Неше түрлі керек емес информацияға ақпаратқа толып кетеді. Сол үшін демалу керек.

Еске салсақ, Асқардың танымалдылығына қарамастан, оның аккаунтына 50 мың ғана фолловері тіркелген.