Шоу-бизнес өкілдері анасына махаббатын қалай көрсетеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Талай хит әндердің орындаушысы Мирас Жүгінісов көп ұзамай репертуарын анасына арналған әнмен толықтыруды жоспарлап жүр! Ал оған дейін Мирас жақынына бағалы сыйлық алып бермек. Әнші: «Мамамды ешқандай мерекеге қарамастан, себепсіз қуантқанды жақсы көремін», - дейді.

Мирас Жүгінісов, әнші:

– Жақында андай ойлап жүр едім бір сыйлық бергім келеді деп. Білмеймін пока, ойымда жоқ бірақ та қатты бергім келіп жүр.

Ал Әлішер Карімовтың репертуарында «Мама» туралы әні бар. Әртістің анасына арналған ендігі сыйы шет елге саяхатқа жолдама болмақ. Әзірге өнерпаздың өзі Ресей елінде конкурсқа қатысып жүр.

Әлішер Карімов, әнші:

– Күнде шешеме, мамама звондап, қал жағдайын сұрап, мен сені сүйем деп, сыйлық алып... Күнде емес енді, бірақ жиі. Соңғы кездері мысалыға шет елге жіберетін болдым. Әкем екеуін.

Әншілер анасына деген махаббатын музыка арқылы жеткізсе, блогерлер бағалы сыйлық беріп қуантуда. Мәселен, Садраддин мен Арман Юсупов ет жақынына пәтер кілтін табыстаған-ды.

Ал Жансерік Қадырбаев болса, жуырда ата-анасына қымбат маркалы көлік сыйлағанын желіге жариялаған болатын. Блогердің айтуынша, осылайша олар аудиториясына «Жақсылық жасап жарысуға» мотивация сыйламақ.

Жансерік Қадырбаев, блогер:

– Анда-санда бір сапалы «годный» дейді ғой, годный контент ұсынып тұру керек. Халықпен жақын болу үшін сен өзің жайлы да анда-санда айтып тұру керексің.