Әнуар Нұрпейісов әншілікті қайта қолға алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнуардың сөзінше, бүгінде оның жаны музыканы қалайды екен. Тіпті актер жүрексініп, жұрт назарына ұсынбаған әндерін, енді айналымға шығаруға әзірленіп жүргенге ұқсайды.

Әнуар Нұрпейісов, актер:

– Бүгінгі кеште мен жазған тректерім және бірнеше каверлер айтылады. Негізі бүгін премьера деп айтуға да болады. Өйткені осы әндер ешқандай желіде шыққан жоқ. Сондықтан бүгін көрермен алдында материалды тексеремін.

«Мен негізі бірнеше музыкалық аспапта ойнаймын. Бала кезден ән жазамын», - деген Нұрпейісов тректерінің аттарын санамалап берді.

Әнуар Нұрпейісов, актер:

– Әндердің аты: «Үйленбеген», «Девушка кәмпит», «Шарлиз Терон» одан кейін «Френдзона». Қазақстанның әдемі жерлері туралы әндерім бар. Өскемен жақтағы, ШҚО, Алматы облысы, Маңғыстау. Сосын Пол Маккартни мен Виктор Цойдың бірнеше каверлері айтылады.

Одан бөлек, бүгінде актерді көптеген түсірілімдерге шақырып жатыр екен. Бірақ әзірге Әнуар ешқайсысына келісімін бермепті. «Әртістік жол тоқтап тұр. Себебі көңілімнен шығар жоба жолықпауда. Оның үстіне уақыт жағы да тығыз», - дейді ол.

Әнуар Нұрпейісов, актер:

– Шақыртулар біраз болады. Бірақ өкінішке орай, оған баратын уақытым жоқ. Өйткені басқа да жобаларым бар еді. Сондықтан қазір уақыттың тығыздығынан және сценарийлардың.

Әзірге Әнуар серілік құрып, шабыт пен өзін іздеп, жеке жобаларының жұмыстарымен жүретінін айтты.