«Revue playlist» су жаңа тректер тізімін ұсынады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дастанның махаббатқа толы «Тамшылар» әні лирикалық бағытта. Оразбеков туындыны өмірлік жары Жанатқа арнағанын айтып, инстаграмда әсерлі пост қалдырды. Өнер иесі 2007 жылы шаңырақ кұрған сәтін еске алып, жұбайына деген сүйішпеншілігін дәл осы трек арқылы жеткізгенін айтады. Ал су жаңа композиция көпке ұнап жатқандай!

Жас өнерпаз Арсен Ален де, Дастан Оразбеков сынды «Тамшылар» деген ән ұсынды! «Black Dail» тобының экс-мүшесі туындыға mood video да таспалаған. Ал туынды хит атана ма, жоқ па әзірге уақыт еншісінде!

Скриптонит болса, ағылшын тілінде толықтай бір альбомды жарыққа шығарды! Музыкант бұл еңбекті нигериялық рэпер Gee Baller-мен бірігіп жазған. Gee Baller-дің өзі бірнеше жылдан бері Мәскеуде тұрақтап, ТМД-ға танылып үлгерді. Бүгінде ол Әділ Жалелов ашқан «Musica36» лейбылының әртісі атанған. Ал, қос өнерпаздың 14 тректен тұратын үнтаспасы «The Genetic Code» деп аталады.

Шығармашылығын шетелде жалғастыру үшін Ресейге көшіп кеткен Сэй Мо-дан да коллаборация! Рэп орындаушы «15 секунд» трегін AlvinToday лақап атымен танымал Тамерлан Сатыбалдиевпен бірге орындаған.