Өнер үшін әртістер қандай жанкештіліктерге баруға әзір?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ширек ғасырдан бері сахна мен кино саласында жүрген Әбеке түсірілім кезінде де, дайындықта да талай жарақат алғанын жасырмайды. «Жас кезде білінбейтін, уақыт бәрібір өзінікін алады екен», -дейді ол.

Әбунасыр Серіков, актер:

– Әншілер болсын, актерлар болсын жолда ғой. Неше түрлі жағдай болады. Қыста жүресің. Тойға барады. Сол кезде неше түрлі жағдай болады. Сахнада құладық па, ол авариядан сондай болды ма? Жоқ ол сол ударды алдық па? Сол уақыт келгеннен кейін шығып жатыр.

Жанель Мақажан да түсірілімнің ащы-тұщысына әлдеқашан көндіккен актрисалардың қатарынан. Тіпті Жанель соңғы түскен «Жаханға Пахан» толықметрінде, суық жерде сыз өткеніне қарамастан, 5 сағат жатыпты. «Бәрі әдемі кадр үшін», - дейді өзі.

Жанель Мақажан, актриса:

– Съемка негізінде бірде суық болса, бірде ыстық болып жатады. Енді үйреншікті нәрсе ғой. Бүгінде міне бағана мына жерде жатып, жатып ұйықтап қалыппын.

Азамат Сатыбалды да түсірілім алаңындағы қиындықтарды, бір кісідей көріп тастаған әртістердің бірі. Әсіресе актерға Мұқағали Мақатаевты сомдау оңайға соқпапты. Азамат сол сәтті суреттеп берді.

Азамат Сатыбалды, актер:

– Осындай суықта, түнгі сағат 12-ден, түнгі 4-ке дейін судың астында тұрдым. Төбемнен жаңбыр құйып тұрады. Салқын су, денемнің бәрі малмандай. Біте салып қайттан денемді шешіп, үстіме спиртты жағып, массаж жасап қайттан кіргізеді кадрға. Қайттан сол су киімді қайтып киесің да, қайттан тұрасың. Шыны керек, бір мезетте мен өзімнен өзім еріксіз айғайладым. Өйткені анау су, төбемнен мынау табаныма дейін өтіп кетті.