Қазақстандық режиссерлар фильмдеріне актерларды қалай таңдайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ақан Сатаев «Районыдағы» Эльтерес Нұржанов, «Томиристегі» Альмира Тұрсын, «Боксердағы» Смадияр Сабыровтың кино әлеміндегі дебютін сәтті бастап берген режиссер. Ол рөлге керек актерларды арнайы кастинг арқылы іріктеп, сыннан сүрінбей өткендердің өзін біраз уақыт бақылайтындығын айтады.

Ақан Сатаев, режиссер:

– Кино ол енді үлкен топтың қорытындылық жұмысы ғой негізінде. Тек қана менің жұмысым емес. Мысалы, Смадиярды тапқан біздің кастинг директорымыз. Қай жобамыз болмасын дайындық жұмысына өте мұқият қараймыз. Оның дайындығына мұқият қараймыз.

«Қазақша бизнес Африкада», «Кино по понятиям» сынды толықметр туындыларын таспалап жүрген режиссер Әнуар Матжановқа актерлердің білімі бірінші орында емес. Киногер: «Талантымен таңқалдырса, кез-келген адамның бағын жағуға дайынмын», - деп отыр.

Әнуар Матжанов, режиссер:

– Портфолиосына көп қарамаймын, больше енді адамның көзіне қараған кезде адамның характері былай көрінеді. Егер, даже актер емес, көшеде біреуді көріп қалсам если іздеп таппай жүрген актерім, персонажым болса онда сол адамды да алуым мүмкін.

Ал Асқар Бисембиннің нәзік жанды аруларға айтары бар. Режиссер: «Кез-келген актрисаны басты рөлге бекітемін, бірақ алдымен талантын дәләлдесін», - дейді.

Асқар Бисембин, режиссер:

– Бізде барлығы ойлайды түрім әдемі болса болды деп. Әсіресе қыздар қауымы. Маған келіп: «Мен сұлумын мені басты рөлге ал» дейтіндер де бар. Менің оларға айтарым, әдемі болсаң кино емес, журналдың фотосессиясына қатыссын.

Сондай-ақ, әрбір режиссердің сүйікті актерлік құрамы бар. Мәселен, Әнуар Матжановтың біраз фильмінде Жахан Утарғалиев басты рөлді сомдаса, Асқар Бисембиннің киноларында үнемі Дәурен Айдарқұлов төбе көрсетеді.