Covid-19 кесірінен күйзеліске түскен атақтылар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

16 қарашадан бері күллі әлем «Омикрон» дерті туралы айтуда. Белгілері: жөтел, температура, әлсіздік, бас ауруы мен тәбеттің төмендеуі. Осыны естіген Әсел Асқар шетелге шығудан, шаралар мен отырыстардан өзін шектеп жүргенге ұқсайды.

Әселдің өзі коронавируспен көктем кезінде ауырған. Бірақ дер кезінде дәрігерге қаралып, ем қабылдаған. «Негізі бұл кеселдің кесірі туралы көп естідім. Стресс болатынын да білдім. Десе де олардың бәрі мені айналып өтті», - дейді актриса.

Әсел Асқар, блогер:

– Мен ауырып шықтым ковидпен. Бірақ ковидтан кейін бала көтеріп қойдым. Бір аптадан кейін. Қалай олай болатынын, өзім де түсінбей қалдым. Үлгермедім мен күйзелуге. Жұмыс көп.

Дархан Жолшыбековтың да жанұясы, жаз айларының бірінде аталмыш аурудан өткен екен. «Расында ондай апатиялық сезімдер болады. Бірақ оны жеңу үшін түрлі дәрумендер ішіп ағзаға көмектесу және оқып, іздену керек», - дейді ол. Қала берді блогерлер отбасы жақында Мальдив аралдарынан келіп, дәрігердің толықтай тексерісінен өтіпті.

Дархан Жолшыбеков, блогер:

– Мұздай су ішіп қойдым да, содан кейін ауырып қалдым. Дариде де, ағамда да сондай. Менің өз ойымша, ол мидағы психологический ауытқулар ғой. Оны жеңу бірдеңе істеу или адамдармен араласу оны ұмыттырады тек қана. Ал оның шешімі, оқу, өзіңді дамыту ғана ғой.

Ауру айналып өтпеген атақтылардың бірі – Элизат Берікова. Экс-Кешьюлік сылқым, дертке күз кезінде шалдыққан. Өнер өкілі бүгінде қос ұлы үшін алаңдайтынын, сол үшін барлық сақтық шараларын ұстанатынын айтады.

Элизат Берікова, әнші:

– Не істейміз, Құдайдың берген ісі, індеті. Бұдан бәріміз әйтеуір аман-есен шықсақ болды ғой. Аман есен бітсе, өмір әлі жалғасып жатыр ғой. Бәрі өзінің уақытымен келеді деп ойлаймын.

Еске салсақ, бүгінде Омикрон әлемнің 60-қа жуық елінде таралған. Мұның өзі 1 айдың ішінде орын алды. Бұл дегеніңіз, Омикронның өте жылдам тарайтындығын білдіреді. Әзірге короновирустың аталмыш түрі Қазақстанда тіркелмеген.