Түрік әншісі Мұстафа Сандалды Қайрат Нұртас қалай ренжітіп жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мұстафа Сандал мен Қайрат Нұртастың арасында түсініспеушілік туындауына дәл осы трек негіз болып отыр. Отандық хитмен жиендік жасап, түрік әншісінің туындысын қазақшаға аударып, рұқсатсыз орындаған. Тіпті, Қайрат композицияны концертінде Мәдина Сәдуақасовамен шырқап та үлгерген еді.

Мұны білген Мұстафа Сандал әріптесінің қылығын түсінбегенін айтады. Әрдайым шығармашылық серіктестікке ашық екенін жеткізген ол өз ренішін білдірді.

Мұстафа Сандал, әнші (Түркия):

– Қайрат Нұртас талантты адам, өнерін де құрметтеймін. Бірақ, оны еш түсінбедім. Әнімді сұрап, мэйлыма хат немесе инстаграмда дайректке жазып, алдымнан өтсе болар еді ғой? Мысалы, маған қазақ бір әншісінің әні ұнаса, оның авторларын тауып, рұқсат сұрар едім. Себебі, іс солай істеледі.

Оның үстіне Мұстафа бұл әнді Қазақстандық әнші Индира Елемеспен орындамақ ниетте болған екен. Бүгінде олар бұл әннің қазақша нұсқасын әзірлеп, концерттерде шырқап жүр.

Еске салсақ, Индира Елемес Мұстафа Сандалға шығармашылық байланыс орнатып, жұмыс істеуге өзі ұсыныс тастаған.

Индира Елемес, әнші:

– Бұл кісімен 2020 жылдың аяқ жағында танысқан болатынбыз. 2 жылдай болыпты ғой, екі жылдай уақыт өтіпті. Біздің Шымкентте басталды таныстығымыз. Бірге Мод әнін айттық жаңа жылдық түсірлімде. Одан кейін Алакөлде айтылған болатын. Одан кейін Шымкентте. Енді қазір тағы да өте жақсы жұмыс жасалынып жатыр.

Бүгінде қос тарап қызу жұмысқа кіріскен. Отандық әнші мен әлемге әйгілі түрік орындаушысы ортақ трек жазып, кезекті бейнебаянының тұсауын кеспек.

Мұстафа Сандал, әнші (Түркия):

– Индирамен бірге ортақ клип түсірдік. Ол жаңа әнге таспаланды. Бейнебаян Түркияда, Кападокдияда түсірілді. Бір екі аптада музыкалық платформаларға жүктеледі.

Сондықтан да, Мұстафа Сандалды енді Қазақстандық сахналардан жиі көруіміз әбден мүмкін. Еске салсақ, түрік әншісі отандастарымыз арасында 90 жылдардан бері «Араба», «Ол май лайф», «Исянкар» сынды әндері арқылы жақсы таныс.

Мұстафа Сандал, әнші (Түркия):

– Мен тыңдармандарымды, жанкүйерлерімді бөлмеймін. Сондықтан, қазақтандағы тыңдарманымды да қатты жақсы көремін. Олар бар да, мен де бармын. Әлі талай туындыларыммен қуантуға әзірмін!