2021 жыл қазақстандық өнерпаздар есінде қалай сақталды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тұсауы «77-ші Венеция кинофестивалінде» кесілген «Сары мысық» картинасы талай жүлдеге ие болып үлгерді. Атап айтқанда, лента Батумиде «Үздік режиссер», Қытайда өткен «Жібек жолы» кинобәйгесінде «Үздік сценарий» номинациялары бойынша жеңімпаз атанған еді. «Қазақстандық туындылардың шетелдік сайыстарда топ жарғаны қуантады», - дейді режиссер Жеңісхан Момышев

Жеңісхан Момышев, режиссер:

– Мен бірінші көргеннен өте қуандым, осындай «Оскарға» біздің киноларды ұсынып жатқанына. Менің ойым былай негізі мир бойынша біз шығып жатырмыз. Димашымыз бар, мынау «Оскардан» бар. Оскардан бір актерский уже алып кеттік. Ресейден болсын, әншілер болсын.

«SHEKER» веб-сериалы да Пусанда өткен халықаралық кинофестивальде «Үздік» деп танылған еді. Бүгінде туындыны ТМД елдері сатып алып, өз платформаларында көрсетуде. Енді келер жылы хикаяның, үшінші маусымы түсірілмек. Басты рөлді Азаттың өзі сомдайды.

Азат Жұмаділ, актер:

– Пусаннан алды «Лучший веб сериал»-ды алды. Самый лучший Азиатский веб-сериал. Өте жақсы сезімдеміз. Бұйырса жалғасын табады деп жоспарда бар жалғасы. Келесі жылы 2022 де. Сценарий ештеңе жазылмаған, тек қана жоспарда бар.

Қазақстандық тректердің арасында, алғаш Мирас Жүгінісовтың «Зымыраны» «iTunes» үздіктерінің қатарынан табылды. Ән платформада күміс иеленген. «Шыны керек, бұндай жетістікті күтпедім», - дейді орындаушының өзі.

Мирас Жүгінісов, әнші:

Мен максимум барса бір «Топ-15»-ке дейін барады деп ойладым. Екінші орынға дейін бардым, бірге барса ғой, барса ғой деп тұрдым да, но новый ән шығып кетті де Jony-дың бірге кетіп қалды, үште болдым. Өте керемет, болашақта одан да биік орында тұрамын деген ойдамын.

Әлемнің ең үздік 100 әні! Отандасымыз Иманбек Зейкеновтың америкалық рэпер Saint JHN-нің әніне жасаған ремиксі Billbord чартының оныншы орнына жайғасып, ТМД әртістері арасында тұңғыш рет «Гремми» алды. Трек бүгінде жарты миллиард қаралым жинаған.

IMANBEK, хитмейкер:

– Менің музыкалық білімім жоқ. Барлығын өзім ютубтан қарап үйрендім. Әлі күнге дейін музыканы меңгерудемін. Ал, маған бір трек әзірлеу үшін бір апта уақыт жеткілікті.

Қала берді Димаш Құдайберген де биллбордқа «FLY AWAY» трегімен еніп, тізімнің төртінші орнына жайғасты.

Ал «Ninety One» тобы АҚШ-ты бағындырмақ. Ерболат Беделхан ресми түрде шетелдік продюсерлермен келісім-шартқа отырған. Ерболат америкалық продюсерді 3 жыл іздепті. Жігіттер Бейонсе, Рианна, Джей Ло сынды әлемдік деңгейдегі әртістердің хореграфымен жұмысты бастап кеткен. 91 америкалық продюсермен келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық топ.

Ерболат Беделхан, продюсер:

– Келесі жылдан бастап, келесі жылы сол Америкаға жол жүреді. Негізі осы жылдың осы, желтоқсан айында ұшу керек болатын. Бірақ тағы да бір пандемияға қалып қойды. Бірақ келесі жылы наурызға қаратай ұшып кетеді.

Одан бөлек, биылғы жыл спортта да қарымды болды. Екі алтын, екі күміс пен бір қола қанжығамызда. Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов көш бастады.