«Жыл хайпын» жасаған жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Коронавирус жоқ! Бұл Қуат жасаған шулы мәлімдемелердің бірі. Сосын ережесіз жекпе-жек файтері: «Дизинфекторларды соққыға алыңдар»,-деп видео жариялады. Артынан Хамитов сотқа тартылды.

Қуат Хамитов, спортшы:

– Ең мықты жаңалық сол мені арестовать етіп, одан кейін видеоның интернетке тарап кеткені мені «Кешірім сұрады» деп. Бірақ мен ол жерде кешірім сұрамаған болатынмын. Ол кезде мені алдап қойды.

Жоғарыда көрсетілген видео мазмұнын спортшының өзі жоққа шығарады. «Бәрі құқық қорғау қызметкерлерінің айласы»,-дейді ол.

Қуат Хамитов, спортшы:

– Сол жақтағы милициялар мені алдап: «Сенің кішкентай оқушы фанаттарың бар. Солар сен «Ұр» дегеннен кейін көшедегі дизинфекторларды ұрып тастауы мүмкін. Сондықтан сен оларға ұрмасын деп, бұл қалжың, сарказм деп айт деп, өздерінің интернетке таратқаны маған қатты жаңалық болды.

Қуатпен қатар, хайпқа саналы түрде ілігіп жүретін Айжан Байзақова «Портье» фильмінің жарнамасы үшін, жалған жанжал ұйымдастырған еді. Кейіннен Айжанның атағы тағы шықты. Аренада өткен рэперлердің концертінде, Асха принцпен анайы би билеген. Видео барлық желіде тарап кетті.

Зируза мен Баха пупер жұп! Бұл соңғы айларда айтылып жүрген алып-қашпа әңгімелердің бірі. Баханың жақын досы ННН «Бұл қауесет. Сенбеңіздер»,-дейді. Нұрдәулеттің өзі болса, хайпты тек жақсы жағынан жасауға шақырады.

Нұрдаулет Бектұрсын, блогер:

– Хайпты мен ғана істеймін ғой. Өзім ғана істеуге тырысамын. Бірақ бәрі енді өздерінше хайповать етуге тырысып жатыр ғой. Қазір енді Америкада сондай көбейді ғой. Россияда сондай болып жатыр. Қазақстанға келіп жатыр. Бірақ енді өз басым ондайға қатты қызықпаймын.

Мәдина Сәдуақасова, Алтынай мен Кәмшәт Жолдыбаевалардың әр фотосессиясы, жұрт талқысы мен әңгімесіне арқау болатын бикештер. Инстадан ашық-шашық суреттерді көрген ел: «Бұлар әдейі хайп жасау үшін шешінеді»,-деп хейт пікір қалдырады.

Қара пиардан құр алақан әртістердің бірі Әли Оқапов. Әли үшін хайп тақырып – коронавирус. «Бәрі тоқтап қалды. COVІD-19 тақырыбы тезірек өзектілігін жойса екен»,-дейді ол.

Әли Оқапов, әнші:

– Соңғы екі жылда бір ғана жаңалық назарымызды алуда және де сол жаңалықтың актуалды емес екендігін барлығымыз да күтіп жүрміз. Тезірек актуалды емес болып кетсе.

Бірақ 2020 жылы тамызда Әли үйленіп, шаңырақ көтергенін жұрттан жасырып қалуға барынша тырысқан болатын.