Нұртас әулетінде -1 бойдақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайрат Нұртастың әулетінде жақында үлкен той! Гүлзира Айдарбекованың кенжесі Заңғар, шаңырақ көтеруге дайындалуда. Әлеуметтік желіде альзабилық әнші үйленуге қатысты сұраққа «9 жыл болыпты, уақыт келген шығар иә?», - деп жазды. Сондай-ақ, ол күні кеше екі әулеттің бас қосқан видеосын жариялаған еді. Осыған байланысты, жұрт оларды «Той күнін белгілеген болар», - деп топшылауда. Айта кетейік, Заңғар сүйіктісімен, Қытайда оқып жүргенде танысқан.

Жақында ғана ана атанған Айсәуле Бақытбек, күні кеше қызының есімін көпке жария етіп, алғашқы отбасылық суреттерін желіге жүктеді. Нәрестенің толық аты-жөні «Рүстем Сафия Әлішерқызы», - деді ол инста парақшасында. Жұлдыз жанұяға жақсы тілектерін жаудырып жатқандар жетерлік.

Ал Сафияның әжесі Баян Мақсатқызы болса, Пкухет жағажайындағы ашық фотоларымен талқыға түсті. Желідегі жұрт Баянның мінсіз мүсініне сүйсінді. Тіпті, Мәдина Сәдуақасова сурет астына «Менің де осындай әжем болса ғой» деп пікір қалдырған.