Kakey экс-ғашығына бейнебаян арнағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Дәл қазір мына есіктің артында қос әнші Kakey мен Ray жұмыс істеп жатыр. Жас музыканттардың жақында ғана жаңа бейнебаяны жарық көрген еді. Жігіттер тағы бір коллаб дайындап жатқан сынды. Кеттік!

Жастар арасында кеңінен танымал Kakey мен Ray-дің ортақ туындысы «Ұя» деп аталады. Бейнебаян ютубта 22 мың ғана қаралым жинағанымен, тикток және инстаграм желілерінде трендте жүр.

- Коллаборация орнату кімнің идеясы?

Ray & Kakey, музыкант:

- Коллаборация орнату, негізі, менің идеям. Аяқасты мотив жазатын ой болды. Сонымен, Ray-ға бардым көмек сұрап.

- Басында мынандай ой болған: Әлихан өзі шығарған дұрыс па деген? Басында тректі Әлиханға арнап жазғанбыз ғой.

- Бейнебаян, байқағанымыздай, махаббат тақырыбы туралы, шынайы өмірден алынған ба?

- Ана кісіден сұраңыз.

- Негізі, иә, шынайы өмірден алынған. Өз өмірімнен алынды деп айта аламын.

- Қазіргі таңда бастарыңыз бос шығар?

- Иә, басымыз бос.

- Мен осы бірнеше уақыт бұрын айтқан болатынмын, жариялаған болатынмын, қарым-қатынаста екенімді. Өзімнің оқырмандарым біледі.

«Ray» лақап атымен танымал өнерпаздың шын есімі – Әнуар Ғабиден. Поп орындаушы алғаш 2017 жылы «Black Dail» тобында 1 жыл өнер көрсетсе, 2020-да Ерболат Беделхан құрған «DNA» бойз-бендіне шақырту алған-ды. Алайда, көп ұзамай продюсердің шешімімен ұжым ресми түрде өз жұмысын тоқтатқан болатын.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Енді көпшілікке қызық, көптеген фанаттарға, «DNA» тобы неге тарады?

Ray, музыкант:

- Топтың ішіндегі өзінің кухнялары болады, оны ашып айта алмайсың. Жұмыс қарқынды жүрмей қалды, оның көптеген салдары бар деген сияқты, карантин әсер етті.

- Бүгінгі таңда бұрынғы жетекшің Ерболат ағамен араласып тұрасың ба?

- Иә, әрине, барлығымен араласамын, өйткені топтағы балалармен болсын, оны жасаған жетекшімен болсын.

- Соңғы кездері «сенімен дуэт жазайық» дегендер көбейіп жатыр. Оның сыры бар ма, саған деген сұраныс неге артты деп ойлайсың?

- Мен өзім туралы айта алмаймын, мен сондаймын деп.

- Ал алдағы уақытта кіммен коллаборация болады?

- Күні кеше біз Kyle Ruh екеміз клип түсірген болатынбыз.

Ал, Kakey ғаламтор жұлдызы десек артық айтпаспыз. Блогер ретінде көпшілікке танымал Әлихан Құраштың тиктокта жарты млн оқырманы бар. Еске салсақ, Kakey шығармашылығын осындан 3 жыл бұрын әнші ретінде бастаған.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Негізі ән жазу, өте күрделі ұзақ процесс. Музыканттар студияға бөтен адамның кіргенін қаламайды. Дегенмен, біз барып Kakey-ді көрейік.

- Бір ән жазу үшін қанша уақыт кетеді студияда?

Kakey, әнші, блогер:

- «Ұяны» негізі бір түнде мотивті жаздық, ну жартылай, сосын сразу текстіңді жазып бірден запись бастап кеттік.

- Ал, енді распевкаға қанша уақыт жұмсайсыз, осындай студияның ішкі кухнясымен бөліссеңіз?

- Кейде жарты сағат, кейде бір сағат, кейде он минут.

- Біз байқағанымыздай, сіздің ең алғашқы бейнебаяныңыз үш жыл бұрын жарық көріпті, неге өнерде ұзақ үзіліс жасадыңыз?

- Қазір блогерлікпен айналысып жүрмін, жалпы, жан-жақты.

- Желі жұлдызының қанша оқырманы бар?

- Тиктокта 450 мыңдай, инстаграмда 90 мыңдай.

Бүгінде продюсерсіз жұмыс істеп жатқан жас музыканттар үшін әншілік табыс әкелмейді. Рэй ұстаздықпен күн көрсе, Какей блогер және модель ретінде сұранысқа ие. Жігіттер өзге саладан түскен бар қаржыны шығармашылыққа құятын көрінеді.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Жігіттер, бүгін бірге дайындалып жатқандарыңызға қарағанда, алда тағы бір коллаборация күтетін сияқты?

Ray & Kakey, музыкант:

- Болашақта бәрі мүмкін.

- Ал, соңғы кездері өздеріңіздің өнердегі әріптестеріңіз, шетелге кетіп жатыр, сіздерге сондай ұсыныстар түскен шығар мүмкін?

- Бұйырса шығамыз.

- Ұсыныс жоқ, жоспар бар.

- Біз енді сіздерден, тағы да хит тректер күтетін боламыз!