Жұлдыздар «Әулие Валентин» күнін тойлай ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

14 ақпан – «Әулие Валентин» күні. Бұл күнді мерекеге айналдырған жастар, сүйіктілерін қуантуға асығады. Сондықтан, біз отандық шоу бизнес өкілдерінің сүйіктілеріне деген сезімін сұрауды жөн көрдік.

Еліміздегі ең тартымды жігіттердің бірі – Тәуекел Мүслім ғашықтар мерекесінде, Махаббатына ағынан ақтарыла сезімін білдірді. Қала берді, өнер дейтін қиын жолда өзіне сенім артуын сұрады.

Тәуекел Мүслім, актер:

- Махаббат, сенен басқа менің жүрегімде ешкімге орын жоқ. Сол себептен сен уайымдама, еш күмәнданба. Сен маған сенсең болады.

Тәуекел жарының қызғаныш отын жақпауға тырысады. Әріптесінен үлгі алатындардың бірі актер – Олжас Әлжанов. Олжас жары Айназды өзіне қарату үшін, көп әрекеттенгенін айтады.

Олжас Әлжанов, актер:

- Ой, бір-екі рет парашютпен таудан секірген кезім болды. Потом, бір-екі рет крокодилмен күрестім махаббат үшін деп айтып жатсаң қалай болады?.. Қалжыңдаймын. Енді ондай ессіздіктер есімде жоқ, шыны керек.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Негізі, өзің романтиксің бе?

- Негізі, романтикпін, өте қатты. Менің әйелім айтады: «Сіз үнемі күшті идеялар табасыз. Романтический свечалармен, торттар, бірдеңе жасап, подароктер жасап», - деп... Өйткені, әрбір сәт ол есте қалатын сәт қой.

Романтикаға бір табан жақындардың бірі – Жахан Отарғалиев. Өнер өкілі өмірдегі сезімдерін, қымсынбастан инстаға жиі жүктеп отырады. «Махаббатта сезім сөнбес үшін, қажырлы еңбек ету керек», - дейді ол.

Жахан Отарғалиев, актер:

- Бір жағынан, шынымен де, адамды жақсы көріп тұрсаң, романтика деген импровизация сияқты ғой, шыға береді. Мен негізі, бұрын-сонды жүріп жүрген кезде ондай романтик болмағанмын. Мен оған айтатынмын: «Сен маған қазір сенсең, үйленгеннен кейін мен саған романтиканың көкесін көрсететін боламын» деп.

Сүйіктісі Есентайдан сыйлық пен гүл алған атақтылардың тізімінде блогер Разиюша бар. Ал, әнші Ochooou жарына шарлармен ерекше тосынсый жасаған.