«Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры» кішкентай бүлдіршіндерді құттықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өнер ордасы мейрамға орай танымал спектакльдердің бірі «Жұлдызды бала» қойылымын тегін көрсетті.

Олег Гостев, театр директоры:

-Жақсылық, махаббат пен патриотизм туралы ең керемет спектакльдердің бірі. Менің ойымша әрбір балаға бұл қойылымды көрсету қажет. Қазіргі кішкентай көрермендерің өздері өте талантты, ойлары ұшқыр. Білемін оларды таңқалдыру қиын, бірақ дегенмен біздің актерлардың қолдарынан келеді.

Қайырымдылық мақсатында қойылған ертегі - әйгілі ағылшын жазушысы Оскар Уайльдың оқиғасы желісінде арнайы театр репертуарына енген. Спектакльда ханша баланың ата-анасын 13 жыл бойы іздеп жүруі туралы. Онда қатыгездік пен мейірімділік және жақсылық пен жамандық тақырыптары сөз етіледі.

Ольга Коржева, актриса:

- Бұл спектакльге деген көрерменнің сұранысы ерекше. Себебі, қойылымда костюмдер мен декорация келген қонақтарды ертегінің ғажайып әлеміне апарғандай болады. Театрдағы эмоцияны сен гаджеттан ала алмайсың.

Ертегінің басты ерекшелігі - басты кейіпкердің кішкентай көрермендермен ортақтасып жұмыс істеуі. Себебі, қойылым барысында бүлдіршіндер жасырылған құпияларды бірге іздеп, ханша балаға жол табуна көмектесіп отырды.

Наталья Семёнова, актриса:

-Біз жаңа ұрпаққа жақындарыңды бағалауды, оларды сыйлауды үйрететімз. Отбасы деген не, баланың өмірінде қандай орын алады. «Жұлдызды бала» спектакльі осындай маңызды тақырыптарды балалардың тілінде жеткізеді.

Келген кішкентай көрермендердің көңілінен шығу үшін, театр ұжымы сахнаға ерекше декорация орнатқан. Оған қоса, өнер өкілдері балаларды мерекесімен құттықтап спектакльден бөлек, тәтті балмұздақтарды да тегін таратты. Балақайлардың қуанғанына қарағанда, мереке керемет өткені сөзсіз!