АКТЕРЛАР ДЕМАЛЫСҚА ШЫҒА МА?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен, тілші:

Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 96-шы маусымының жабылуы. Осыған орай биылғы жаздың соңғы спектаклінің бірі - «Сүйікті менің періштем» комедиясының премьерасы өтеді. Осыдан кейін театр ұжымы 1 ай демалысқа кетеді. Ал актерлар жазғы демалысты қалай өткізеді, өздерінен сұрап білейік.

Шынар Асқарова, актриса:

- Алда енді демалыс күтіп тұрса да, біз демалмайтын қазақтармыз ғой, білесіз ғой, бізде алда бірнеше жобалар күтіп тұр. Олар – кино, телесериалдар деген сияқты. Сондай-сондай алда күтіп тұрған сондай жұмыстар бар. Бірақ соның арасында біз демалып та үлгеруіміз керек деп ойлаймын.

- Енді бүгінгі киіміңіз өте әдемі болып тұр, образыңызды қалай таңдадыңыз, стилистеріңіз бар ма?

- Бар, әрине, бүгін енді, бүгінгі қойылымның жалпы художнигі Ерлан Тұяқов деген, өзі жас болса да өте дарынды, талантты суретшілердің бірі. Тек мына очкиді өзім ойлап таптым. Және мынандай шаш үлгісін таңдап берген маған біздің театрымыздың гример-суретшісі Фарида.

Айдана Мәулен, тілші:

- «Сүйікті менің періштем» комедиясының басты кейіпкері Элиза. Бұл рөл актриса Әсел Сайлауоваға бұйырыпты. Әсел, сәлем! Қалыңыз қалай?

Әсел Сайлауова, актриса:

- Сәлеметсіз бе! Өте жақсы, көңіл-күй керемет. Премьераға дайындық үстіндеміз.

- Басты рөлге бекітілген кезде, сіздің көңіл-күйіңіз, сезіміңіз қалай болды?

- Әрине, шыны керек мен күтпедім. Элиза ол актриса үшін өте ауқымды, ерекше рөлдердің бірі. Бұр Бернард шоудың пигмалион классикалық шығармалары. Әрбір актриса үшін өзінің ерекше бір қырынан ашылуына, қойылым ішінде өзгеріс яғни, екі рөлді бірге сомдау, үлкен талапты, яғни еңбекті талап ететіні айқын.

- Рөліңізде қандай ерекшеліктер болады?

- Рөлімде, бұл енді бұл былай қарасыңыз, білімі жоқ, қарапайым, қараңғы қыздың герцагиняға айналуы. Яғни, қоғамдағы адамдардың статусы айқын көрінеді. Яғни, мысалы біреуі өте кедей, біреуі өте бай. Екі адамның психологиялық жан тебіренісі, мысалы шыны керек, ұрсысып та қалады екі басты рөлдегі жігіт пен қыз, араларындағы махаббат та, оның барлығын кешке көре жатарсыздар.

Айдана Мәулен, тілші:

- Ғалымбек Оспанов Генридің рөлін сомдайды. Ол қазір менің артымда дайындалып тұр. Қазір біз одан сұхбат алатын боламыз.

Ғалымбек Оспанов, актер:

- Сіздің өз рөліңіз туралы айтып кетсеңіз, Генридің рөлі сізге бұйырыпты, иә?
- Жалпы, енді Генри Хиггинс лингвист, тіл маманы, тіл зерттеуші, диалект зерттеуші. Былай айтқанда жасы үлкен жігіттер ғой енді, үйленбеген, бойдақ, өмір-бақи осы мамандықпен, осы профессиямен келе жатқан, сондықтан, өте қызықты рөл.

- Гастрольдік сапарлар бола ма?
- Болып тұрады, әрине. Біз жақында ғана барып келдік, гастрольдік сапарға,
- Сәттілік сізге, күшті алып шығыңыздар, біз залда отырып сіздерді көретін боламыз.

Айдана Мәулен, тілші:

«Сүйікті менің періштем» комедиясының режиссері - Әлімбек Оразбеков. Ол актерларды бұл рөлге қалай бекітті? Неге Бернард Шоудың дәл осы туындысына назар аударды екен? Қазір өзінен сұрап білетін боламыз.

Әлімбек Оразбеков, режиссер:

- Пигмалион бұл енді мың тоғыс жүз он екінші жылы жазылған дүние, шығарма. Бірақ, өзектілігін әлі жоғалтқан жоқ. Бұл енді қалай айтуға болады, үлкен махаббат, адам мен адамның арасындағы терең қарым-қатынас жайлы.

- Ал енді актерлар қалай таңдалды? Сіз өзіңіз іріктеу өткіздіңіз бе?

- Кастинг болғанда, әрине енді әр рөлге, әр персонажға мінез-құлқы сай, жақындау деген актерларды алады ғой. Сонда әрине кішкене іріктеу болды.

- Басында көңілінізден шықпаған, бекітіп қойып, сосын «сен жарамайсың» деген актерлар бола ма?

- Жоқ, ондай болған жоқ. Бірақ ізденіс жолында неше түрлі жағдайлар болады. Кейде былай ауытқып кетеді, былай ауытқып кетеді. Өзің де секем аласың, дұрыс берілді ме осы рөл, ол жігіттің табиғатына сай келеді ме екен осы рөл деген секемдер болады. Бірақ оны жұмыс бабында жойылады ғой.

- Қазір көрермендерге қандай спектакль қызық? Трагедияға көп бара ма, комедияға көп келе ме?

- Әр қилы, әр қилы. Кейде трагедияға бару керек. Оның өйткені айтатын ойы ауқымды. Комедия да сондай. Күлдіріп жүріп, ойнап жүріп астарлы ой тастайтындар болады. Сондықтан бұл жерде енді қайсы басым деп айту қиын. Бәрі де көрермендердің көңілінен шығу үшін, дөп басу үшін.

- Көрермен өзі шешеді десеңізші.

- Көрермен өзі шешеді.

Айдана Мәулен, тілші:

- Осымен 96 маусым өз мәресіне жетті. Театр өз көрермендерімен күзде қайта қауышпақ