БӨПЕ FAIR! АША МАТАЙ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ НЕГЕ ҚАТАЛ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

Бүгін бүлдіршіндер үшін ерекше демалыс! Себебі, көптен күткен «БӨПЕ FAIR» отбасылық фестивальі өтіп жатыр. Дәстүрге айналған шара осымен 13 мәрет өтпек. Ал, барлығының басы-қасында жүрген - Айнұр Ілиясова!

- Дәл қазір менің жанымда осы ауқымды «БӨПЕ FAIR» фестивалінің ұйымдастырушысы – Айнур Ілиясова. Қалыңыз қалай?

Айнур Ілиясова, актриса, ұйымдастырушы:

- Күннің астында шауып жүрміз мінеки, құдайға шүкір. бәрі жақсы. Халық келіп жатыр. Халықтың ықыласына бөленіп жатырмыз. Барлығы риза.

- Енді биыл біздің масштабымыз ауқымдырақ. Алдыңғы жылы біз ана поляда жасасақ, биыл мінеки біздің жасап жатқан жеріміз 2 есе үлкен. Бұған 2 есе күш керек. Сондықтан да оңай емес.

- Бұл фестивальге келген аналар, балалар не алады өздеріне?

- Бұның басты мақсаты – отбасын нығайту. Енді мысал үшін қараңыз, отбасыда жүрген кезде күнделікті тіршілік нәрсе, ол нәрсе кейде шаршатып та жібереді. Ал осындай конкурстарға барлығы бірдей келсе, барлығы бұл фестивальді кішігірім дәстүр қылып есептесе, сол кезде әрине отбасы нығая түседі.

- Өзіңіздің қыздарыңыз неге келмеді?

- Өзімнің қыздарым қазір келеді. Мамасы біраз қазір жұмыс істей тұрады. Күн біраз басылған кезде, мамасының жұмысы кішкене азайған кезде балалары келеді.

Ашық аспан астында өтіп жатқан балалар фестивалі пикник форматында. 9 сағатқа созылған шарада қоғамдық пікір көшбасшылары, кәсіби психологтар мен медицина мамандары, шоу-бизнес жұлдыздары қатысады.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Бүгінгі шарада мен Аша Матайды кездестіріп қалдым. Аша кіммен келді, қалай демалып отыр, өзінен сұрап білетін боламыз, кеттік!

- Қайырлы күн, Аша! Сізді көргеніме қуаныштымын. Көптеген адам ішінен жарқырап көрініп отырсыз, байқап қалдық. Көңіл-күйіңіз қалай?

Аша Матай, тележүргізуші:

- Жақсы, керемет, жақсы боп отыр.

- Енді ана ретінде келіп отырсыз, қыздарыңызға демалыс қалай өтіп жатыр?

- Керемет, жақсы ұнауда.

- Үйде бала тәрбиесімен көбінесе кім айналысады? Ата-апасы, әкесі, анасы?

- Барлығымыз бірлесе

- Кімнің сөзі қатты өтеді қыздарға?

- Менің.

- Қорқады ма?

- Менен қорқады, иә. Үйде барлығы еркелетеді, «жоқ» деп айтпайды, «тәйт» деп отыратын - мен.

- Ал әкесімен қарым-қатынасы?

- Еркелейді, иә, ол қатты еркелетеді. Және мен ұрысқан кезде жүрегі ауырып, түрінен көрініп тұрады, сосын «бар, бар ана жақа» деп, «қарама-қарама» деп, содан кейін еркелетеді «мамаларыңды ұрсайын ба, тәх-тәх дейін бе, әтәтәт дейін бе» десе, деп маған қарап тұрады, айта алмайды бірақ та иә деп.

- Қазір айтып жатыр, аналар көп тренинг алады, психологтарға барады дейді, өзіңіз сондайларды қолданасыз ба?

- Жоқ, қолдданбаймын, өзімнің ата-анамнан қандай тәрбие алдым, соны ұрпақтарыма жалғастырамын.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Ал, осындай ауқымды шараның мақсаты – қоғамдағы мәселелермен отбасылық құндылықтарды нығайту, және балалар тәрбиесі тақырыптарын қозғау және сондай мәлелерді шешу.

- Дәл қазір мен кішкентай блогерларымызды көріп қалдым, қыздар, сәлем, көңіл күйлерің қалай?

Аминка & Адека, жас блогерлер:

- Сәлеметсіз бе, бәрі жақсы. Иә.

- Демалыс қалай өтіп жатыр?

- Сейчас все проходит очень интересно. Здесь есть мороженое, сладкие ваты и все что бы дети были счастливы, бегали радостные. Вот. Обязательно приходите. Мне здесь все очень нравится.

- Фестивальден сендерге ең ұнаған қай жері болып жатыр?

- Наверное игры и то что здесь что-то разыгрывают.

Ал, Аминка Витаминка мен Адека отбасылық фестивальге анасымен бірген келген.

Арай Малғаждар, блогер:

- Өте жақсы өтіп жатыр демалыс, балаларға осындай фестиваль ұйымдастырып жатқан адамдарға мың да бір рақмет. Балалар өте жақсы демалып жатыр.

- Өзіңіз бала тәрбиесіне қатысты тренингтерге, психологтарға жүгінесіз бе?

- Иә, әрине. Мен балаларға қатысты тренингтарды өте жақсы көремін. Олар өте пайдалы деп ойлаймын. Көбірек бола берсін біздің Қазақстанда осындай тренингтар.

- Өте жақсы, қыздарыңыздың тәрбиесіне кім көбірек атсалысады? Ата-апасы, ата-анасы?

- Бірінші кезекте әрине, біз, папасы мен мамасы. Қазіргі кезде енді кішкене әжесі мен атасынан алыстау тұрамыз. Бірақ әжесі мен атасы да әрине өздерінің тәрбиесін енгізіп жатыр. Атамыз қазақша сөйлеуге, сөйлетуге тырысады қыздарымызды. Сол жері өте жақсы ұнайды.

Гүлдана Мұқан, тілші:

Мен бүгін бөпе фейрдан танымал оператор Азамат Дулатовты көріп тұрмын. Өзінің үш қызымен бірге демалуға келген. Ал, қасында әйелі жоқ, не себепті жалғыз жүр, қазір өзінен білетін боламыз.

Азамат Дулатов, оператор:

- Азамат, қайырлы күн. Енді әдетте балалар аналарымен жүреді ғой, бүгін енді әке ретінде сіз өзіңіз жүрсіз. Недеген подвиг!

- Біздің мамамыз бүгін жұмыста, так что бүгін біз әкемізбен, да?

- Көп аналар айтып жатады, бәрі «балалармен жүру қиын» деп

- Ну, аналарға қиын негізі, әкелерге сәл жеңілірек. Оларға көп қиындық түседі ғой. Киіндіру, тәрбиелеу, біз деген жай көмектесеміз қасында, негізі өте қиын жұмыс негізі. Бірақ кейін менің ойымша оңайырақ болады.

- Қыздар көңіл күйлерің қалай?

- Жаксы

- Ұнап жатыр ма демалыс?

- Жаксы

- Жақсылап демалыңыздар, рахмет көп-көп!

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Бүгінгі «БӨПЕ FAIR» фестивальі жоғары деңгейде өтіп жатқаны сөзсіз, шара тоғыз сағатқа созылатын болады. Онда Марсельдің жеке ән кеші «Каникулы оффлайн 2» фильмінің көрсетілімі өтеді. Сонымен келесі «БӨПЕ FAIR-де»кездескенше