Ертегілер еліне саяхат! Бірақ, бұл саяхат тым ерекше.

Сообщить о проблеме с эфиром

Владимир Крылов, режиссер:

«Баба Яга мен Жалмауыз кемпір біріксе қалай болады? Ер Төстік пен Илья Муромец екеуінің кездесуі сырттай қалай көрінеді екен» деген сұрақтар болды. Осы қиялымызды Евфрат Шарипов екеуміз сәтті көрініске айналдырдық.

Спектакльдің басты кейіпкері - Батыр! Сюжет желісі бойынша ол ғаламторда стриминг жүргізетін - блогер. Бұл рөлді сомдау жас актер Темірлан Жанғазиевке бұйырған.

Темірлан Жанғазиев, актер:

Бұл менің дебюттік рөлім. Спектальдің басында қатты қобалжыдым. Бірақ, бірінші сахнадан соң, балалардың энергиясын көріп шабыттанып кеттім.

Кішкентай көрермен үшін театр есігі әрдайым ашық! Жаңа қойылым бүгіннен бастап назарға ұсынылмақ.