Серік Ибрагимов Төтенше жағдайлар басқармасымен өрттің алдын алу шараларына қатысты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қос перзентті болып, олар есейе бастаған соң Серік Ибрагимов, қауіпсіздік мәселесіне жіті мән беретін болған. Әсіресе биіктік, тілсіз жау, аяқасты келетін қатерлерден отбасын барынша қорғауға тырысады. Тіпті осы тұрғыда өзіндік әдеттер қалыптастырған:

Серік Ибрагимов, әнші:

Біздің үйімізде мысалы қазір тоқпен істейтін плиткалар. Міндетті түрде біз олардың барлығын өшіреміз. Телефонға заряд беретін зарядкалардың өзінен тоқ шығып кетеді. Сондықтан олардың барлығын өшіріп, wi-fi, телевизор, барлығын тоқтарынан суырып жүреміз. Кететін болсақ, үйден шығатын болсақ.

Қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын әртіс, бүгін Бостандық ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарына келіп, арнайы кеңес алды. Қала берді, өз лайфхактарымен де бөлісті.

Серік Ибрагимов, әнші:

-Тілсіз жау – кез келген жерден замыкание беріп, өрт шығып кетуі мүмкін. Сондықтан да ұқыпты болыңыздар дегім келеді. Үйде бала-шаға бар, кішкентайлар бар деген сияқты. Менің өзімнің қорғанысым солай. Барлық жерден, зарядка болсын, бәрін суырып кете берем. Баяғы әдет бар еді ғой: светті өшіріңдер деп, светті өшіріп кете беретін.

Күн суытып, жылыту маусымы басталғалы, қаламызда тілсіз жау шарпыған аймақ артқан. Қазірдің өзінде елімізде 2000-ға тарта тоқтың тұйықталуы орын алған. Салдарынан 100 шақты адам бақилық болған. Осындай оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында, төтеншеліктер заманауи қондырғы орнатуды қолға алған.

Еркебұлан Қасенов, Бостандық ауданы ТЖ басқармасының бастығы:

Бүгін біз алкогольді ішімдік қолданатын үйлер бар, жағдайы төмен отбасылар бар, көпбалалы отбасылар бар. Соларға осындай арнайы құрылғы, датчиктер орнату үстіндеміз. Бұл өртті, көмір ысынан улануды, алдын алу. Бұл түтінді сезіп, сигнал беретін болады.