Тұрар Ыдырыс 20 миллионға қандай клип түсірді? | Revue News

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

– 2rar! Тұрар Ыдырыс! Интернетке бұл есімді жазсаңыз оған қатысты мәліметтердің едәуір азайып кеткенін байқайсыз. Тіпті әнші соңғы кездері әлеуметтік желіде де белсенді емес. Бұл сіз ойлағандай «дауыл алдындағы тыныштық, яки комбэк үшін үнсіздік» емес. Сері мәжбүрлі түрде творчествосын тоқтатуға тура келген.

Тұрар Ыдырыс, әнші:

Иә, мен продюсерден кеттім. Содан кейін кішкене проблемалар болды. Қиындау момент болды.

Продюсерің Назира ханыммен ресми түрде жұмысты тоқтаттың. Арада кикілжің болған сияқты ғой иә?

Тұрар Ыдырыс, әнші:

Бірақ енді проблема бар. Шешіліп жатыр. Шешіледі деген үміттеміз.

Продакшннан жанжалмен кеткенімен, арадағы аздаған үзілістен соң үнсіздік үзілді. Тұрар, қоғамдағы әйелдердің маңызын көрсеткен «Мұңды өлең» атты клип жарыққа шығарды.

Сұлулардың тарапына көрсетілетін: абьюз, қысым, тұрмыстық зорлық-зомбылық бәрі қазақ тарихы арқылы бейнебаянда көрініс табады. Әртіс бұл дүниеге ұзақ дайындалған.

Жансерік Қадырбаев, блогер:

Бұл жерде енді насилие, басқадан бұрын әйелдер қауымына, біздің аналар қауымына, қыздар қауымына, әжелер қауымына, жалпы осы уақытқа дейін тәуелсіздігімізді тек қана ер азаматтар емес, сонымен қатар әйелдердің де алған орны ерекше. Сол кісілерге деген бір құрмет ретінде. Сол кісілерге деген махаббат.

Білуімізше, бұл клипқа 20 миллион теңге жұмсадың. Расында да солай ма?

Тұрар Ыдырыс, әнші:

Иә, шынында ешқандай асыра сілтеусіз 20 миллионнан көп қаражат. 300-ден аса адам жұмыс істеді. Бұл әдеттегідей бір күн немесе жарты күн түсірілген клип емес, бір апта түсірілген клип. Үш ай дайындалған. Мен бұл клип үшін бір машинадан отказ бердім.

Марғұлан Әден, блогер:

Клипінің дайын тұрғанына бірнеше уақыт болған негізі. Бұл клипті негізі декабрьде шығару керек болды ғой. Сосын заң бойынша білуі керек болды да. Сосын Тұрар отмена беріп тастады. Әйтпесе Тұрада екі үлкен клип дайын тұр.

Шешілмей жатқан мәселе: Тұрар келісімшарт бойынша енді әндерін, клиптерін қолдана алмайды. Олар желілерден де өшірілген. Тіпті «2RAR» лақап аты да өзінікі емес. Біздегі ақпарат бойынша, продюсерлік орталықпен жасалған ресми құжатта, Тұрарға куәліктегі аты-жөнін де қолдануға рұқсат жоқ. Рас-өтірігін өзінен білдік:

Тұрар Ыдырыс, әнші:

Менің бұл анам мен әкемнің қойған аты ғой Тұрар деген. Право на изображение ешкімнің құқығы жоқ. Сондықтан бұл жәй ғана ашумен айтылған нәрселер шығар деген үміттеміз. Өзімнің атым ғой, не істеймін енді? Мұрат деп шығайын ба?

Қазіргі таңда ол кісімен байланыстасың ба? Бүгінгі премьераңа құттықтап келетін шығар.

Тұрар Ыдырыс, әнші:

Мүмкін иә, шақырту жібердім. Күтеміз.

Тұрардың басына қара бұлт үйірілгенде, қасынан табылғандардың бірі – Мирас Жүгінісов. «Қазіргі қиындықтар уақытша деп сенемін. Досым мықты ғой, бұл кезеңді де еңсереді»,-деді ол.

Мирас Жүгінісов, әнші:

Иә, біз бәріміз балалармен жиналған кезде, бір команда сияқтымыз. Күнде кездесеміз деп айтуға болады. Әрине досым деп айта аламын. Өте жақын достарымның бірі. Тек әрқашан қолдауға дайынмын. Қолымнан не келеді, сол жағынан көмектесем.

Тұрар Ыдырыс, әнші:

Бұл менің тырнақалды жұмысым, осыдан кейін альбом. 12 наурыз күні Құдай қаласа концерт болады өзімнің. Сольный концертім. Ансамбльдің сүйемелдеуімен. Менің көптеген өлеңдерімнің барлығы өкінішке орай, атым барлығы қазір продюсерімде. Мен бір айдың ішінде мен жаңа әндер шығарамын. Өзім осылай рисковать етем деп шештім.

Сымбат Сағындық, тілші:

– Тұрар: Енді тоқтамаймын,-дейді. Жазылып жатқан әндері жетерлік екен. Бөлісер жаңалықтары да жоқ емес. Бірақ ол енді шоу-бизнестегі жорығын жалғыз жалғастырмақ... Қалғанын уақыт көрсетеді.