Ақболат Өтебайдың жаңа ғашығы Ақбота Сейтмағамбет пе? | Revue News

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

-Мені кухняға қамап, өзің менсіз дамып кеттің! Енді менсінбейсің! Бұл көптеген жас жұбайлардың ортақ проблемасы. Дәл осы тақырып «Маған назар аудар» картинасының өзегі, айтар ойы. Жайдарманшы жігіттер жасаған жобаның жарнамасы жер жарды. Соған тұрарлық тұшымды дүние шықты ма?

«Назар аудар» құрамасы жайдарманда чемпион болды. Кейін сатиралық театрға айналды. Енді міне қоғамдағы қыжылды ашық көрсетіп, жас жанұялардың арасындағы жанжалды жоюға себепкер болатын картина таспалады.

Ақболат Өтебай, әзілкеш, кинопродюсер:

– «Назар аудардың» бұрыннан көріп жүрген көрермені бар. 9-8 миллион просмотр жинайды ғой біздің ойындарымыз. Соның 700-800 мыңы неғып келмейді деп ойлаймын. Бұйырса күтеміз енді барлығын.

Ақболат Өтебай мен Мадина Оспанды көрермен өз алдына отау тіккен отбасы деп таниды. Себебі, қос актер он шақты жыл бұрын ситкомдарда ерлі-зайыптыларды ойнаған еді.

Мадина Оспан,актриса:

Сені көпшілік Ақболаттың келіншегі деп таниды, иә? Сенің өзіңнің жолдасың бар. Қызғанбай ма?

Мадина Оспан, актриса:

Енді біз 2015 жылдан бері партнер болып келе жатырмыз ғой Ақболат ағамен. Кәдімгі 1 минуттық скетчтарға түсіп бастадық. Ол кезде мен күйеуге шыққан жоқ болатынмын, жас қыз. Бірақ жігітіммен жүріп жүретінмін ол кезде, қазіргі күйеуіммен. Сондықтанда сол кезден бастап көз үйренді. Бір бірін таниды, таныс. Сондықтан ешқандай да қызғаныш жоқ.

“Маған назар аудар” картинасында да Ақболат пен Мадина жанұялық жұпты сомдайды. Тек мұнда – махаббат үштігі көрсетіледі. Отбасының ортасына түсіп, шаңырағын шайқалтқан - Ақбота-Нұр Сейтмағанбет!

Ақболат Өтебай, әзілкеш, кинопродюсер:

Ақботамен осы фильмнің барысында таныстық. Ол сондай ашық, арғы жағында ауылдығы бар, қарапайымдылығы кетпеген. Иә, өнер тайғақ, өнер қиын жол. Соған қарамай арғы жағынан бір жақсылық байқадым. Екеуіміз келісіп алдық: Мына өмірде, өнерде адалдық болсын да.

Баян Мақсатқызы, Қайрат Әділгерей, Әбілмансұр Серіков сынды ТОП-актерлар төбе көрсеткен картинаның бюджеті де аз емес. Тіпті соңғы кезде, кинопродюсер салынған ақшаның санынан шатасып жүргенге ұқсайды.

Ақболат Өтебай, әзілкеш, кинопродюсер:

– Фильмнің бюджеті қанша?

– Бір интервьюларда айттым 100 миллион десем, артынан 150-ге кетіп қалды. Енді қазір қаншаға барғанын білмеймін. Мынаның барлығына кетіп жатыр.

  • YouTube -тағы бекстейдждан көріп қалдық, қара суықта жалаңаяқ жүрсіз. Үйден қуып жіберді ма?

Ақболат Өтебай, әзілкеш, кинопродюсер:

Оны денсаулығымызды ойлап қана, жоқ деп істемей қалуға болмайтын болды. Бірақ шүкір стоп кезінде аяғымның астына плед қойып, бауырларымның өзі сөйтіп жүгіріп жүрді.

Кинодағы басты рөлдердің тағы бірі - Ғазиз Ерболатқа тиесілі. Ерболат қобалжудың басым болып тұрғанын жасырмайды. Қорқынышы: кино өзін өзі ақтамай қалады дегеннен емес екен. Уайымы басқа.

Ғазиз Ерболат, әзілкеш, актер:

– Қайырлы кеш! Премьера құтты болсын! Көңіл күйіңіз қалай?

Көңіл күйім, уайым бар. Алматыда өте көп қой өнер адамдары. Қаншама ағаларымыз бар. Сол кісілерден сын естіп қаламыз ба, сөз естіп қаламыз ба деген уайым бар да.

Уайымы бой бермей жүрген жалғыз Ғазиз емес. Топтағы жігіттердің барлығында қобалжу бар екен.

Самат Қабдиев, әзілкеш:

Келген халық өз бағасын берер. Пока өзіміз не болып жатқанын түсініп жатқан жоқпыз. Жаңа үйленіп жатқан жігіттер, үйленіп жатқанын түсінбей үйленіп кетеді ғой, сол сияқты.

– Бұл проекттегі сіздің атқарған рөліңіз қандай?

Бұл кинода официанттың рөлін ойнағам. Эпизод. Бір бес секунд болатын болар, болса. Соны көріп үлгеріп қалыңыздар.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Фильм жалпы прокатқа шықпай жатып-ақ, сыншылардың оң бағасын алып жатыр. Мұнда: мұң, махаббат, мәміле бар. Бірақ нағыз пікір, киноны көрген көрерменнен болады.