Маған назар аудар» толықметрі кассадан 1 миллиард жинағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Екі отбасының арасындағы түсініспеушілікті көрсететін картина, көптеген қазақстандық жанұяның жан-жарасын қозғап жібергендей. Мәміле болмай, мәселе шешілмейтінін көрсеткіміз келді. Халыққа сонысымен өтімді болды,-дейді жобаның сценарисі әрі режиссері.

Абдусаид Шайхисламов, режиссер, сценарист:

– «Маған назар аудар» толықметрінің кассалық жиыны 1 миллиард теңгеге жақындап қалды деген сыбыс естідік?

– Жақындап қалды иә. Сәл асып кетті десем болады.

-Шын ба?

-Жо-жоқ. Жақындап қалды. Шамалы қалды. Дегенмен қазіргі таңда голливудтық кинолар, Джеки Чан көкеміз бізбен жағаласып Қазақстанға кіріп жатқаннан кейін өкінішке орай Қазақстанның кинотеатрлары енді коммерция болғаннан кейін, сәл ысырыңқырап шетелдік киноларды алға қойып жатқан несі бар.

Жолдарында болып жатқан кедергілерге қарамастан, картинаның сұранысқа ие болғаны соншалық, Қазақстанның кейбір өңірлерінде, прокатқа берілген уақытты ұзартып жатқанға ұқсайды.

Абдусаид Шайхисламов, режиссер, сценарист:

– Бірақ әлі күнге дейін региондар дейміз ғой енді Алматы, Астанадан бөлек басқа үлкен қалаларда аншлаг болып жатыр. Әлі күнге дейін халық келіп жатыр. Әлі күнге дейін сторис салып жатыр. Мен ойлаймын, миллиардқа жетпесек те, үздік дебюттің қатарында және алдыңғы орындарында тұрамыз деген ойдамын.

Толықметр табысы 1 миллиардқа жақындап қалса да, ұжым мен режиссердің гонорары өзгеріссіз қалады екен. Яғни елімізде әліге дейін ройлти режим, кассадан командаға табысты бөлу енгізілмеген.

Абдусаид Шайхисламов, режиссер, сценарист:

Ройлти дейді иә? Ройлти ол, ол мәдениет бізге әлі келе қойған жоқ. Өйткені бізде әлі сол гонорардың айналасында жүріп жатырмыз.