Артур Давлетьяров Раймның Алматыдағы концертіне неге келмеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

– Біз кезінде Артурды сұқбаттарға мүлдем шақыра алмаушы едік. Себебі үлкен бір принципі болған: Оралдан басқа жаққа шықпаймыз деген. Бірақ Алматының қақ төрінде жүр.

Артур Давлетьяров, әнші:

– Қазір болды уже үйленгем. Балам бар. Осы Алматыға көшіп келдік. Алматыда тұрам.

– Алматы арзан қала емес. Өмір сүру оңай емес. Басқа қаладан келіп, күнкөру қалай болып жатыр? Немен айналысасың әншіліктен бөлек?

– Әншіліктен бөлек тек... Негізі сол... Басты мақсатым Алматыға көшкенде әншілік қой енді. Той, концерттерге шығып тұрамыз. Соның арқасында семьямды асырап жатырмын. Анда санда енді реклама шығып тұрады.

Артурдың осы уақытқа дейін тойға арналған әндері болмапты. «Бірақ енді мерекелік кештерге арнап тректер жазуды бастаймын»,-деп отыр.

– Тойға ставкаң қанша?

Артур Давлетьяров, әнші:

-Бір жарым.

-Бір жарыыыым мың теңге десең иә?

-Бір жарым мың теңге.

-Каспиыңа жіберейінші, ертең той бар еді.

-Если хотите позвать меня на той бір жарым мың теңге.

-Құрысын, ертең шын деп ойлап қалып жүрер. Бір жарым миллион теңгеге Артур Давлетьяров сіздердің тойларыңызда ән айтып береді. Оның ішінде қандай әндер бар? Қанша ән кіреді?

-Бүкіл ән айтамыз.

-Бүкіл дегенде сенде қанша ән бар өзі?

-Дуэттегі әндерді айтамыз ғой.

-Біздің дуэтімізде немесе сольный карьерамызда той әндері болған жоқ. Тек дуэтте. Ол: Дискотека 90-х, самая вышка болсын, дискотека 80-х болсын. Сол өлеңдерді айтамыз.

Ескі әндерінен бөлек, Артур қазіргі таңда Қабдол Тілековпен тректер жазуды бастап кеткен. «Бағыты – той стильі»,-дейді өзі. Қала берді, жеке әндері де болады екен. «Қазақша не аралас тілде жазам»,-деп отыр.

-Бір өзімнің ойыммен бөлісе кетсем. Мен осы уақытқа дейін Артурды: қазақша түсінбейді, ол таза орысша сөйлейтін жігіт деп ойлап келдім. Солай ма негізі? Әлде өзің сондай бір образ ұстап жүрдің ба?

Артур Давлетьяров, әнші:

-Негізі сондай образ болды. Бізде дуэтте Райм қазақша, Артур орысша неге айтады дегенде, бүкіл халық түсіну үшін. Орыс тілді адамдар да, қазақ тілді адамдар да 50/50 болатындай. Бәрі тыңдасын деп шығарғанбыз негізі.

-Райммен дуэт бола ма?

-Жоқ. Енді қазір бөлініп кеттік, қазір бірге емеспіз. Енді Құдай қаласа, болашақта я не против. Если сондай момент болып жатса, Құдай қаласа бір Нұр-Мұқасан, Дос-Мұқасан сияқты топ болып жатсақ, 20 жылдан кейін өлең айтармыз бірігіп.

- Өткенде Райм Алматының қақ төрінде Алматы аренада жеке кешін берді. Бірақ өкінішке қарай, залдан сені байқамадық?

Артур Давлетьяров, әнші:

-Сіз болдыңыз ба сол концертте? Мен үйде болдым. Семьяммен, бала-шағаммен. Енді білмеймін. Келе алмадым. Үйде болдым.