Ажырасқанына 2 жыл болған Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісін жолықтырған!

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кезде әлеужелі, әсіресе тикток Еркебұлан Тоқтар мен Айжұлдыз Адайбекованың сурет, видеоларына толып кетті. Жұрт оларды «Жұп» деді. Бірақ бұл ақпаратқа қатысты Айжұлдыздың өз айтары бар:

–Айжұлдыздың жаңалықтары көп. Жақында Дубайға барып келді. Жалғыз емес. Еркебұлан Тоқтармен. Не байланыстырады?

Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:

–Дубайда жақсы достарымыз бар. Солар бізді рекламный роликке арнайы шақырды. Они все нам оплатили как положено барлығын. Қаланы көрсетті, қыдыртты. Бізде еще ораза болған. Ауызашарға күшті күшті жерлерге апарды.

– Неге екеуіңді ғана шақырды?

–Себебі екеуімізді стористен, киноға бірге түсіп жүргенімізді көрді да, сол ұнатқан шығар мүмкін. Как мы элементарно смотримся на экране.

-Ол жарнама берушілердің де өзіндік планы болған сияқты ғой хайп жасап қалу деген сол волнамен?

-Жоқ, басында мынандай болды... Екеуіміз де сурет салғымыз келеді. Бірақ білеміз да, ертең жұрттардың бәрі хайповать етеді. Бізді қосады, неше түрлі нәрсе айтады. Сондықтанда екеуіміз бөліп-бөліп салып жүрдік. Бірақ бәрібір жұрттар расследование жасап, болмаған нәрсені болғандай айтып, неше түрлі нәрсе болды да. Сондықтанда бір кезде: Бұлай жүруге болмайды. Не болса да айтайық деп сториске шықтық.

Иә, Еркебұлан мен Айжұлдыз жұртқа бәрін түсіндірді. Дос екендерін айтты. Дегенмен Адайбекованың көңілі түскен жігіт бар болып шықты.

– Жігітің бар ма? Ұнататын? Эксклюзив жасашы НТК-ға?

– Ұнататын адамым бар.

-Көп болды ма сөйлесіп жүргендеріңе?

-Көп болған жоқ.

Джули жігіті жайлы ашылып айта қоймады. «Қалай, қай жерде танысқанымыз туралы уақыты келгенде айтып беремін»,-деп сөзден қашты. Бірақ біздің: «Қалталы ма?»,-деген сауалымызға оң жауап қатты.

– Осындай бай жігіт па?

-Өте. Өте жақсы адам. Менің жеке өмірімді сіздер еш жерден таппайсыздар.

-Таппаймыз, таппаймыз.

-Мен жеке өмірімді, мен тұрмыс құрып әбден аяғым ауыр болған кезде бір-ақ білесіздер. Мен сондай жанмын негізі.

-Әумин!

-Бірақ тойыма шақырам!

Айжұлдыздың сөзіне қарағанда, аз күнде тойдың ауылы да алыс еместей. Не дейміз, Жанар Айжанованың жалғызына бақыт тілейміз!