Мирас Жүгінісов пен NAZIMA-ны не байланыстырады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

Назима мен Мирас Жүгінісов бірікті. Қос музыкант ғашықтар күніне арнап фит жазған. Туынды «Black Star»-лық әншінің қазақ тіліндегі екінші композициясы. Мирас пен Назиманың коллабы қалай пайда болды? Бүгін бейнебаян таспаланып жатыр, біз де осы алаңдамыз.

Бейнебаян локациясына жету үшін сағаттап жол жүруге тура келді. Есесіне, нағыз кино алаңына тап болдық. Арнайы декорация құрылып, 100-ге жуық маман жұмыла жұмыс істеп жатыр. Назима мен Мирастың ортақ бейнебаянында сапа, стиль, сезім көрініс табады. Ал коллаб «Таптым» деп аталады.

-Сіздерден ешкім фит күткен жоқ. Бұл фит қалай пайда болды?

Мирас Жүгінісов, музыкант:

-Біз де күткен жоқпыз. Ұсыныс менен түсті. Сол ғашықтар күніне бір ән жазғымыз келіп, Назимаға ұсыныс тастап, ол тез арада кеттік деді. Содан бастап студияда отырып, әнді жазып бүгін клип түсіріп жатырмыз.

-Қателеспесем, Назима көп әртістермен фит жаза бермейді. Таңдайсыз, талғайсыз. Бұл жолы Мирас сізге ұсыныс жасағанда қандай әсерде болдыңыз?

Назима, әнші:

-Жақсы әсерде болдым. Негізі Мирастың әндері маған қатты ұнайды. Сол үшін тез арада иә деп айттым.

Біз білеміз сіздің репертуарыңызда көбінесе тректер орысша. Енді бұл трек толығымен қазақ тілінде шығатын болады. Сізден көп уақыт болды қазақ тілінде трек күтіп жүргендерін

Мирас Жүгінісов, музыкант:

-Жақында ғана Назиманың қазақ тілінде әні шыққан болатын. Как раз мен ұсыныс тастаған кезде сол моментте шыққан болатын. Мен үшін де қызық болды. Екеуміз бірге сол моментте бірге ән жазсақ деген.

Назима, әнші:

-Иә, «Сен» деп аталады.

-Сол әніңізден кейін тыңдармандарыңыздың көзқарасы сіздерге қазақ аудиториясының өзгерді ма?

Назима, әнші:

-Ән – мотвацияға толы! Тыңдармандарым менен қазақ тіліндегі ән күтіп жүргелі біраз болды. Сондықтан, қуана қарсы алды.

Режиссер - Асхат Баянов, ал қоюшы - оператор Нұрсұлтан Базарбай. Еске салсақ, жігіттер «Ninety One» тобының түгелдей дерлік бейнебаяндарын таспалаған. Қазір хит болған «Ескі таспа» ютуб жобасының авторлары.

-Сіз сценарий өте қатты көңілімнен шықты дейсіз. Сол туралы айтып беріңізші.

Назима, әнші:

- Сценарийді оқығанда көзіме жас алдым. Кіршіксіз махаббат көз алдыма елестеді. Енді соны әдемі кадрлар мен әсем ән арқылы көрсетуіміз керек.

Мирас Жүгінісов, музыкант:

-Мен үшін де қатты қызық болатын сияқты және де махаббатың бір жақсысы сен әртүрлі жеткізе аласың халыққа. Қандай махаббат болсын ,қыздың арасындағы , достың арасындағы. Сондықтан да бұл жердегі махаббат сіздердің жүректеріңізге жетеді деген ойдамын.

-Ән – сезім құшағындағы ғашықтар жайлы болғанымен, Назима мен Мирас сүйіктілерді сомдамайды. Олардың орнына кәсіби актерлар шақыртылған. Туындыда стилист - Биббота.

BIBOTTA, дизайнер:

-Дәл қазір менің қасымда Назима мен Мирастың стиліне жауапты маман тұр. Бибота. Сені түсірілім алаңында көп болды көрмегелі. Бұл жолы ұсыныс түсті ма арнайы?

- Иә, негізінде мен тек қана Найнти уан жұмыс жасаймын. Менің достарым режиссер болғандықтан олар мені шақырды осы проектке. Ал мен Мирас пен Назиманың өнеріне тәнтімін. Сондықтан қабыл алдым ұсынысты.

-Біз білеміз Назима өте талғампаз әнші. Образ жағына келгенде қалай келістіңдер? Сен таңдадың ба? Ақылдасып жұмыс істедіңдер ма?

- Жалпы образ жасағанның алдында бірінші біз режиссермен талқылаймыз. Ол айтады примерно қандай гаммада болады, қандай түстер болады, локацияға байланысты болуы керек. Енді келісу керек та локациямен. Сондықтан осылай өзім ойластырдым.

Мирас Жүгінісов, музыкант:

-Өнерде қыз әншілер өте көп. Неге Назиманы таңдадыңдар?

-Мен енді өзім бұрынғы әндерді тыңдаймын және де мен көбінесе рок тыңдаймын. Қазіргі әндерді тыңдаған кезде маған Назиманың өнері ұнады.

-Ал тректің авторы кім? Кімге тиесілі ән?

-Бірге жаздық бәрін. Тексті әдеттегідей Саят деген досыммен жаздым. Сол енді клип түсіріп жатырмыз.

-Кезекті хит трек болады деп сенесің ба?

-Мен ешқашан өйтіп айта алмаймын. Сондықтан да өзімізге ұнаған затты жазамыз. Жүрегіміздегі затты жазамыз. Әр адамның өткен махаббаты ол. Сондықтан да менің және де Назиманың тыңдармандарына ұнайды деген ойдамын.

Назима мен Мирастың «Таптым» әніне таспаланған бейнебаяны 15-ші сәуір, ғашықтар күнінде жарық көреді.