Мадина Дәулетқызы, @makeshi_:
Кайл Рух лақап атымен таныс Ерік Төленов концерт өткізбек. Еске салсақ, бұл музыканттың алғашқы жеке кеші. Талай жыл сахнада жүрсе де өнер иесі неліктен концерт өткізуге асықпаған және де оның алдағы жоспары қандай?
Кайл Рухтың сахнада жүргеніне бүгінде он жылға жуықтады. Сол аралықта музыкант талай отандық әрі халқаралық конкурстардың лауреаты атанып үлгерді. Әнші әуел баста Moonligh тобында болса, бүгінде соло орындаушы ретінде өнер көрсетіп жүр. Бірақ үлкен бэграундқа қарамастан, бұл Kyle Ruh-тың өткізіп отырған тұңғыш жеке кеші.
Kyle Ruh, музыкант:
- Сіздің бұрыннан уақытыңыз келген сияқты жеке кеш беруге?
- Мен енді осы уақытқа дейін жеке әнші болып жүрдім. Қазіргі уақытта «Рух» тобы болып жиналдық. Яғни, осы тірі инструменттерде ойнайтын балалар бар. Солармен бірге солай арманым болған енді орындалып жатыр.
- Енді сол «Рух» тобы туралы айтып берсеңіз.
- «Рух» тобы бірінші рет өзінің алғашқы жеке концертін береді. Ол «Рух» тобы 5 баладан тұрады. Топты иа мен арманым болған ең бірінші Кайл Рух деген атты ойлап тапқан кезде мен сол «Рух» тобын көрген тұғынмын. Топ жан-жақтан жиналды, Астанадан, Атыраудан жан-жақтан келген балалар. Осы Алматыдан да балалар бар. Ну көпшілігінің білімі бар, яғни осында музыкалық колледждарда, академияларда оқыған.
Каил бұдан-былай өзі құрған «Рух» тобымен бірге өнер көрсетпек. Тіпті, ұжым Астанада ауқымды концерт өткізуге ниетті. Айтпақшы, бұл кеште сахнадан «Рухтықтардан» өзге Еріктің өнердегі әріптестері де табылды. Бұл күні әншіні Айри, Хеймонро, Мәди Рымбаев сынды өнердегі әріптестері қолдап келді.
Ayree, әнші:
Негізі Эрикпен эстрадалық цирк колледжде, содан кейін академияда бірге оқығанбыз. Сондықтан Кайлды мен кәдімгідей қанша жыл болды, 7-8 жылдай болды танысқанымызға. Өте жақсы, талантты, керемет досым. Енді дуэтті біз бірге шешім қабылдады.
Мәди Рымбаев, музыкант:
Негізі менің бір 40-50% әндерімде Эриктің үлесі бар. Менің де үлесім бар соның әндерінде. Енді мен оған музыкант ретінде әннің үндеуінде көмектесем, ол маған текст, мотив жағынан, осылай бір-бірімізге көмектесеміз.
Еске салсақ, Кайл жуырда ғана «Жұмақ» атты жинағын ұсынған болатын. Кеште орындалған фиттер сол альбомға тиесілі. Өнер иесі бүгінде шығармашылығын жан-жақты, барынша шыңдауға ниетті.
-Қазақстанда талай конкурстарға қатысып, өзіңізді көрсетіп жүрсіз. Халықаралық конкурстарға қатысу ойыңызда, жоспарыңызда бар ма?
Kyle Ruh, музыкант:
-Ну негізі Қытайдан келіп жатқан контракттар бар. Бірақ оның қаншалықты болатын, болмауы белгісіз. Яғни, ол жақтан нақты контракт келіп бәрі дұрыс боп, бізге ұнап, оларға да ұнап дұрысталып жатса, болатын шығар. Ал әзірге жай жұмыс барысы.
Соңғы кездері тыңдарман арасында Moonligh тобы қайта құрылатыны жайлы жиі айтылып жүрген еді. Осыған қатысты Каил өз пікірін білдірді.
- Одан бөлек біз естідік. Қаншалықты рас осы ақпарат, Мунлайт тобы қайтадан бірігеді деген?
Kyle Ruh, музыкант:
- Ол жайында енді. Moonligh тобы қайтадан біріккен негізі. Одан кейін әрі қарай балалар болған сияқты негізі көбісі. Сондықтан 2 адам боп 3 адам боп сол бүкіл топты сүйрей беру қиын. Если сол 5 адам болса, сол 5 адамның бәрі бірікпесе, ол қиын нәрсе.