Мирас Жүгінісовтің 30 миллион теңге жұмсалған концерті қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldana_mukan

-Мирастың концертінде хэдлайнер Оңтүстік Кореядан арнайы келген кавер орындаушы – Сон Вон Соб. Бұдан бөлек Қайрат Нұртас, Назима, Найнти уан тобының мүшесі Зак және Акһа қонақта болады.

-Мирас, көңіл күйің қалай?

Мирас Жүгінісов, әнші:

- Өте жақсы. Концерт қазір бітейін деп жатыр. Кеткім келмей жатыр бұл атмосферадан. Маған қатты ұнап жатыр бәрі.

-Мен бүгін биші Мирасты көрдім. Сенің бұндай қырың бар екенін ешкім білмеген сияқты. Қанша уақыт дайындалдың?

- Дайындалу бір 3 айдай болған шығар, екі-үш айдай. Кәдімгі ағаш едім каз шығып кішкене бірдеңе сезінгендей болдым. Бірақ андай қалай айтсам болад тезірек үйге барғанда стористан бүкіл билегенімді қарап өзіме ұрсып сондай болғым кеп жатыр.

Мирас Жүгінісов – кәсібилік, хит, жанды дауыс, сапа сөздерімен синоним! Бүгінгі концерті де сол сөзімізді растайды. Себебі, аренаға жиналған көрермен бір сәт байыз таппады. Әр тректі орындаушысымен қоса шырқады!

-Әншінің, әртістің есімін брендке айналдыру ол үлкен табыс алып келеді. Біз білеміз сен Мираспен жұмыс істегелі бері қалтаң да қалыңдап жатыр. Көліктер алып жатсыңдар. Инстаграмда да бәрі біледі. Қаншалықты байыдың айтшы?

Марғұлан Аден, блогер, продюсер:

- Ма мынау қиын сұрақ екен, не деген сұрақ. Менікі тек Мирас емес қой, басқа жұмыстарым бар ғой. Өзімнің цветочный магазинім бар сосын.

- Продюсерлік табыс әкеп жатыр ма?

- Шүкір, әкеліп жатыр. Қалай Мирасқа бұл проектке вложение жасайсың, солай доход келеді ғой. Типа клип жағынан болсын, басқа концерт жағынан болсын. Вложение жасайсың, креатив қосасың, миды қозғайсың солай әсері де жақсы келеді.

-Мирас есімі брендке айналды ма қазіргі таңда?

Мирас Жүгінісов, әнші:

- Жоқ олай айта алмаймын.

- Неге? Мерч сатылып жатыр, лық толы арена?

- Білмейм өзім ол жағын. Бүгін өзім келіп таңғалып жатрм енді. Мерч дегенде өзім кигенде таңғалып мә деп өзім күшті боп киіп жүрмін. Мен оны айтпай-ақ қояйын өзімді брендпын деп или бренд болам деп. Оның бәрін халық айтсын.

-Менің жанымда бүгінгі кештің жүргізушісі Аңсаған Садырханов. Сәлем. Көңіл күй қалай?

Аңсаған Садырханов, блогер:

- Көңіл күй вообще күшті. Қобалжып тұрм сәл.

- Не себепті қобалжып тұрсың? Жүргізушілікте сенің опытың бар?

- Да, опыт бар, но білмейм. Бүгін солд аут деп андай қорқытып тастады бізді.

-Ал, бір концерт жүргізгенде қанша теңге аласың? Аласың ба Мирастардан гонорар?

Аңсаған Садырханов, блогер:

- Мирастан алдыңғы жылы алмағам, ал биыл енді беретін шығар. Білмейм, біз пока келіскен жоқпыз. Ну бермесе де нормально біз по-братски жүргіземіз.

-Ал егер берем десе өзіңнің ставкаңды айтасың ба әлде рахметке ма?

- Ол когда как. Но берем десе қалай?

- Ставкаң бар ма қоятын мынанша мың бер миллион бер 2 миллион бер деп айтасың ба әлде қалай?

- Күшті естіледі екен 2 миллион деген иа. Но бергенін ала берем

Дәл қазір менің жанымда Мирас Жүгінісовтың концертінің хэдлайнері атанған, Оңтүстік Кореядан келген біздің сүйікті кавер орындаушы әншіміз Сон Вон Соб. Қайырлы кеш! Сізді көргенімізге қуаныштымыз. Көңіл күйіңіз қалай?

Сон Вон Соб, әнші:

–Көңіл күйім күшті! Концертті жақсы аяқтаймыз деп үміттенем.

-Өзіңіз Мирас Жүгінісовпен дуэт жазам деп ойладыңыз ба? Марго маған Зымыран трегін екі тілде жазамыз деді. Қаншалықты өзгерттіңіздер? Ән қалай шықты?

– Иә, бүгін Зымыран трегін қазақша және кәрісше және өзіміздің авторлық әнімізді айтамыз.

Сол жаңа ән туралы айтып беріңізші. Ол қай тілде және ол кімнің идеясы болды жаңа ән туралы? Авторы кім?

– Бұл әнді қазақша айтамыз. Кореядағы кәсіби композиторлармен бірге жазған едік. Сөзін Қазақстандық ақындар шығарды.

Көпшілік күтпеген концерттің кульминациясы – Бағжан Октябрь болды. Музыкант кешке құпия қонақ ретінде шықырылған. Бұл ұйымдастырушылардың ең ұтымды шешімі болғаны анық. Себебі, 9 мың адам виоленчельдің ырғағымен қоса тербеліп, сезімдеріне ерік бергендері соншалық, көздеріне жас алды.

Бағжан Октябрь, музыкант:

– Ұсыныс түскенде мен лезде келістім. Себебі, Мирас осы 10 жылдықтың үздік әртістерінің бірі шығар біздің Қазақстандағы. Оның үстіне осыдан бар-жоғы 2 жыл бұрын мен Мирастың концертінде болғам. Бірақ тек көрермен ретінде, ол кезде мені ешкім Бағжан деп танымайтын. Сол кезде концертте болып іштей үлкен мотивация алып кеткен болатынмын. Бір қарасам Мирас маған

жазып тұр. Осындай қонақ болыңыз деп.Маған сіз деп сөйлейді олар. \смех\ Бәрі старый деп ойлайды ғой. Сөйтіп әрине қуана келістік. Осы кеше түнде ғана Мирас үйге келді. Студияға кеп бірге дайындалдық. Алдында тоже студияға бардық. Солай бір тез болған оқиға күшті.

– Алдағы уақытта сен турға аттанасың Қазақстан бойынша, бір мезетте тур өткізу өте қиын деп Марго да айтып жатыр бізге қиын деп. Өзің әртіс ретінде қиналмайсың ба вокал бар, дауыс бар?

Мирас Жүгінісов, әнші:

- Әрине, қиналам неге екенін білмейм концерт жақындаған кезде жылы ішсең де не ішсең де тамағың бір андай бір аурып қалайын ба деп тиіскісі кеп тұратын сияқты да. И соның бәрі сенің переживаниең барлығы өте. Негізі адамның өзінің ішкі сезіміне қатты әсер етеді деп айтса болады.

Гүлдана Мұқан, @guldana_mukan

– Жыл сайын үлкен кеш өткізіп, тыңдарман алдында есеп беруді Мирас әдетке айналдырған. Музыкант Алматы қаласында ғана емес, Қазақстанның 9 қаласында жеке концертін өткізбек. «Мирас тур 2023-тен» сіз де құр қалмаңыз.