Yenlik-тің продюсері енді күйеуі ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Былтыр қазан айында босаға аттаған Еңліктің фокусы отбасында. Сәйкесінше, репертуары бір жылдан бері жаңармады. Рэпер тұрмысқа шығуына байланысты, шығармашылықтан уақытша қол үзгенін айтады.

YENLIK, рэпер:

- Біз демалыс алдық, тұрмысқа шықтым. Содан кейін енді жұмысқа кірісеміз деген үміттемін.

- Шығармашылығыңыздан бөлек, отбасылық өміріңіз қалай болып жатыр, соңғы кездері көрінбей кеттіңіз?

- Отбасылық өмірім күшті, сол отбасылық өмірдің енді былайша айтқанда көңіл-күйін сезініп, ішіне кіріп жатырмын десем болады үйреніп сол бәрі жақсы.

- Ең бастысы рұқсат етіп жатыр ғой ән жазуға?

- Иә бізде ондай рұқсат ету, рұқсат етпеу деген жоқ, мен еркін адаммын, менің күйеуімде еркін адам ол маған ешқандай шектеулер қоймайды.

Еске салсақ, Еңліктің күйеуі – Таңатар, танымал қоюшы-оператор. Ол шоу-бизнесте талай топ әртіспен бірге жұмыс істеген. Қазіргі таңда Таңатар - Еңліктің өнердегі ақылшысы әрі бейнебаяндарының таспагері.

YENLIK, рэпер:

- Ал шығармашылығыңызға көмектесе ма?

- Шығармас бұрын тректерімның бәрін тыңдатамын. Үш адам бар тыңдататын ол менің әкем, продюсерім Нұржан одан кейін күйеуіме көрсетемін. Сол үшеуіне ұнаса демек ол шыныменде тыңдарманға өтетін ән деп ойлаймын.

- Бейнебаяндарыңызды түсіріп бермей ма?

- Ең бірінші бейнебаянымды сол түсірген негізі.

- Ең алғаш сол кезде танысыппедіңіздер?

- Иә «BIPL»-дің съемкасындасында танысқанбыз.

Еске салсақ, «BIPL» бейнебаяны 2 жыл бұрын таспалаған-ды. Еңлікті күйеуімен тоғыстырған да дәл осы туындының түсірілімі.

YENLIK, рэпер:

- Ал сезім оты қашан оянды?

-Біраз уақыттан кейін, бір жарты жылдан кейін ғана.

YENLIK, рэпер:

- Тұрмысқа шығуыңыз өмірге деген көзқарасыңызды өзгертті ма?

- Иә кішкене өзгерген сияқты. Бұрыңғыға қарағанда мінезім сәл жұмсақ бола бастады. Махаббат тураы әндер жаза бастадым.

- Бұған дейін ондай әндер жазбайтын бе діңіз?

- Жоқ, махаббат туралы жазуға ұялатынмын.

Еңлік алдағы уақытта махаббат тақырыбына арналған толыққанды альбом ұсынбақ. Сондай-ақ, рэпер өзінің соло концертін де жоспарлап қойған. Ол жыл соңына дейін жүзеге асатын болады дейді рэпер.