Әнші Салтанат Бақаева енді продюсер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Өмір сүру үшін сүю қажет. Ал сүю үшін не керек? Салтанат Бақаеваның алғаш продюсерлігімен бастау алған заманауи театр ұжымы осы сұраққа жауап іздеп көрді. «Зулейха» спектаклінің премьерасындамыз.

 

Әнші ретінде танылған Салтанат Бақаева – енді үлкен сахнаға продюсер ретінде қадам басты. «Зулейха» - жай ғана спектакль емес, бір әйелдің ішкі азабы мен рухани азаттығы жайлы қойылым.
Салтанат Бақаева, актриса, продюсер:

– Продюсерлікті қолға алған кезде Зулейханы бірден ойнайтыныңыз нақты болды ма?

– Режиссер маған бірнеше шығарма берді оқып көруге. Соның ішінен ең ауырын таңдадым десем болады.
– Өкінбейсіз бе?
– Өкінбеймін. Негізі біз бұл қойылымда көптеген тақырыптарды қозғадық. Біз енді ешкімді үйретпейміз ғой. Біз тек қалай жасау дұрыс емес екенін көрсетеміз.
Әлібек Өмірбекұлы, қоюшы-режиссер:
– Кез келген ұсынысты қабылдай бермейсіз. Салтанат ханым ұсыныс жасаған кезде бірден қабылдадыңызба?
Жоқ, мен бірден келісе салған жоқпын. Алдымен, әрине, ойландым. Екіншіден, Салтанат менімен бұған дейін де жұмыс істеген. Алдыңғы спектаклімде болған. Оның мүмкіндігін жақсы білем. Салтанаттың қолынан келетініне сенімді болдым, маған керегін істей алатынын білдім. Содан кейін келістім.

Бұл жобада ақша емес, сенім сөйлеген секілді. Салтанаттың идеясын қолдаған әріптестері ешқандай гонорарсыз, шығармашылық ізденіс үшін келген. Тіпті, алға қойған жоспарларын да ысырып қойған. Соның бірі актер Азамат Сатыбалды.
 

Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

– Шетелге оқуға барам дегенде Салтанат ханым хабарласты. Бірден келістіңіз. Не себеп?

– Енді жалпы, кез келген актерге апгрейд керек. Мен соңғы өзімнің рольдарымды, киноларымды, спектальдерімді көрдім. Содан кейін бір өсім керек болды маған. Ал бір қалыпта қалып қалу актер үшін ол өлім. Бірден келістім. Өйткені маған ол керек болды. И мен ойлайм, өзіме керегін алдым.
– Спектакльде 2 образды сомдайсыз. Әйелдің кейіпкері бірінші рет па?
– Иә, бірінші рет. Бұндай мүлде болмаған мен үшін бұл кәдімгідей тәжірибе. Бір спектакльде 2 рөлді ойнау. Оның үстіне 2 контрастный рөл ойнау. Әйел адам одан кейін жаңағы ер адам, жас жігіттің рөлі. Бұл өте қиын болды.– Бірақ енді сен өзің қалап тұрсаң, өзің соған көніп тұрсаң, сен режиссерге сенсең, бәрін істеу керек.

Актерлік құрамды жинауда режиссердің талабы қатты болған. Дәл сол критерийге бірден сай келген өнерпаз Рауан Ахмедов. Айта кетейік, бұл оның театр сахнасындағы дебюттік рөлі болды.
 

Рауан Ахмедов, актер:

– Фильм үшін 15 кг арықтағаныңызды білеміз. Спектакль үшін қандай жанкештілікке бардыңыз?

Ана режиссер мырзамен жұмыс істеу міне сол жанкештілік...Қалжыңдаймын. Біз 2 ай уақытымызды бүкіл басқа дүниелердің барлығын ысырып тастадық та, 2 ай осы дүниемен жұмыс істедік. Сондай бір жертва болды. Кешке дейін. Таңнан кешке дейін үзіліссіз.
 

Желіде тарап кеткен осы бейнежазба халық арасында біраз пікір тудырды. Десе де, осындай қиын сәтте Салтанаттың жанынан табыла білген, қолдауын аямаған жолдасы Нұржан Жүсіпов болды.
 

Нұржан Жүсіпов, С. Бақаеваның күйеуі:

– Рұқсат бердім. Ең маңыздысы. Сол. Спектакль болғаннан кейін, тем более өзі продюсер болғаннан кейін кеш келеді. Бала-шағаға өзім қараймын. Сол көмегім сол жақтан болды.
– Ал мінезі өзгеріп кеткен жоқпа Салтанат ханымның?

– Енді мінезі өзгерген жоқ. Бірақ, поддержканы сұрап тұрды менен постоянно. Мен постоянно құшақтайм, бәрі жақсы болады, уайымдама деп. Поддержка беріп тұрдым.
 

2 айдан астам спектакль үшін барын берген, Салтанат Бақаева продюсерлік дебютін аншлагпен өткізді. «Зулейха» - тек өткеннің емес, бүгінгі күннің үні секілді. Қойылым қазіргі таңдағы актуалды тақырыпты көрсетіп, қоғамдағы әйелдің еркіндігі мен махаббатқа лайық екенін жеткізуге тырысты. Ал, жаңа мамандықты қолға алған Бақаева, продюсерлікті жалғастыруға ниетті.
 

Салтанат Бақаева, актриса, продюсер:

– 10 жасқа қартайған сияқтымын. Қазір бір 45 жастағы әйел сияқты сезініп тұрмын өзімді. Қателік те сабақ, өйткені сен қателессең өсесің. Тереңдейсің. Сондықтан, қадам жасау керек.

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Театр нағыз катарсис орны. Зулейханың тағдырын суреттеген 2 актілі қойылым көрерменді бей жай қалдырмағаны сөзсіз. Ендеше олардың әсерін бірге білейік.
Жазира Еркін, актриса:

Актерлер, сіздерге мың алғыс. Қандай керемет ойын.
Айдай Исаева, модель:

– Жалпы, менің түсінгенім, махаббат ешқандай тілге де қарамайды, дінге де қарамайды. . Керемет туынды өтті. Ойдағыдан да керемет.