«Байдың баласы» Өткен уикенд отбасылық құндылықты дәріптейтін комедияның түсірілімі басталды.
Ақболат Өтебай, актер:
– Сәл тентектеу, еркелеу, әкесі мен анасының ықпалына қалған баланың оқиғасы. Ата-анасы баласының еркелігіне, болашағына алаңдап, соның тәрбиесімен айналысады ғой. Сол ата-анаың рөлін ойнаймыз біздер.
Ауқатты отбасының тентек ұлын тезге салатын кейіпкер Ғазиз Ерболаттың еншісінде. Әзілкеш қалталы азаматтың образынан қағылып, әдеттегідей қарапайым отбасының күйін күйттемек.
Ғазиз Ерболат, актер:
Байдың рөлін ойнай алмайтын сияқтымын мен. Қуып кететін сияқтымын. Біздің Ақастар ғой байдың рөлін ойнайтын... Жолдасым болып Сабира ойнайды. Ол кісінің актерлік шеберлігіне риза болдым. Жеңіл.
Қиындыққа қарамастан шаңырақтың жылуын сақтап қалған отананың рөлін блогер Сабиркин ойнайды. «Біз сомдайтын қарапайым әулеттің әр мүшесі бақыттың ақшаға тәуелді емес екенін айқын көрсетеді»,-дейді актриса.
Sabirkin, блогер:
– Сүю арқылы, сүйікті болу арқылы жолдасы екеуі махаббатты сақтап қалған. Махаббат арқылы бақытты болып жүрген адамдар. Иә, оларда финансовый проблема бар. Бірақ олар қолдарынан келгенше жағдайды жақсартуға трысып бағып жатыр. Бірақ сонда дабақытты сезөімінен айырылмаған.
Айта кетейік, «Tiger films» кинокомпаниясы елімізде алғаш болып толықметрдің түсіріліміне канон камераларымен кіріскен. Жоғары сапалы техника үзіліссіз түсірілім өткізуге мүмкіндік береді екен.
Sabirkin, блогер:
– Мен шынымен таңғалдым. Шыны керек жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Фильмнің режиссері - «Ұялам, но үй алам», «Маған Назар аудар», «Молда» сынды толықметрлерді таспалаған Абдусаид Шайхисламұлы. Продюсер білікті маманға ортақ жоба дайындауды 2022 жылдан бері ұсынып келеді екен.
Абдусаид Шайхисламұлы, режиссер:
– 3 жыл бұрын басталды әңгіме. Ол кезде сценарист есебінде. Назар аудардан кейін 3-4 рет ұсыныс келді. өкінішке орайц, бұған дейін уақытпен сәті келмеді.
Ғазиз Ерболат, актер:
– Гонорар 10 кг қант деді, 3 пряник деді. Гонорарды қайтесіздер? Ары қарай есептеңіздер.
10 мен 3-ті тілге тиек еткеніне қарап, 10 млн 300 мыңның төңірегі ме деп топшыладық. Анығын біле алмадық. Айлығы да, шайпұлы да өзі мен продюсерге ғана мәлім.
Ақболат Өтебай, актер:
– Кесіп айтқан жоқпын. Ұсынған бағасы ұнады.
Ақболат Өтебай да гонорарын айтқысы айтқысы келмеді. Мұнысын былай түсіндірді:
Ақболат Өтебай, актер:
– Кім қазір еңбекақысын айтады? Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы. Тамақ ішіп отырғанымды да салуға сәл қысылатыным бар негізі...
Біз жоғарыда тілге тиек еткен тентек жігіттің рөлін жас талант Бірмахамбет Ислам ойнайды. 1 жарым жыл бойы актерлық шеберлігін шыңдап жүрген оның портолиосында «Менің Атым Қожа», «16 жасар чемпион» толықметрлеріндегі тәжірибесі жазылған.
Ислам Бірмахамбет, басты рөлге таңдалған актер:
– Енді бірінші дебютым болған соң сәл-пәл қиынырақ. Ұйықтар алдын мәтін ашып, ситуацияны түсінуге тырысамын
Байдың баласы толықметрі үлкен экранда күз айларында жарық көрмек!