Дүрия Қыдырбек, тілші:
– Түсірілім алаңынан сәлем. Ауа темпуратурасы дәл қазір -10 көрсетіп тұр. Қақаған аяз демессіз. Дегенмен далада сағаттап жүрсең суықтың денені қөарып өтетін күші бар. Бірақ көреременге тың туынды ұсынсақ деген «Шымыр» фильмінің ұжымы үшін бұл түк те емес. REVUE NEW- те салқын райына қарамастан түсірілім алаңына келді. Ендеше киногерлермен бірге тілдесейік. Кеттік!
«Шымыр». Отандық киноиндустрия боеквик жанрындағы су жаңа фильммен толықпақ.
– Сіздер үшін үйреншікті шығар. Бірақ, бүгінгі ауа райында түсірілім алаңында жүру маған кәдімгідей қиынға соғып тұр. Осындай кездерге бір райдер деген сияқты бір нәрсе ұсынасыздар ма?
Әшім Ахмет, актер:
– Термо киім райдеріміз. Сосын, иә ұлтарақ. Одан бөлек актер вагонымыз бар. Сол жақта демалып жатырмыз.
– Ең салқын дегенде қандай минус температурада жұмыс істедіңіз?
– Қазақ батырларын түсірген кезде Бартоғай деген жақта, Талғарда. Сол кезде бір -20 ғой деймін. Жаз мезгілін түсірдік. Менің ұмытылмайтын ең қиын түсірілімім сол болған шығар.
Жайдарбек Күнғожинов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Nomad Stunts» жетекшісі
– Мына «Көшпенділер» деген декорацияда -30 градус болған. Таңертең осылай жиналып, күні бойы төбелес сахнасын аттармен түсірдік. Сондықтан үйренгенбіз.
Жайдарбек Күнғожинов бастаған «Номад» ұжымына салқын ауа-райы тіпті де кедергі емес. Есесіне оларды қауіпсіздік мәселесі біраз алаңдатады.
– Жарақат алған жағдайда әрі қарай кім жауапты?
– Енді бізде Қазақстанда ондай жоқ. Мысалы, біз жиі өзге мемлекетте жұмыс істейміз. Ол жақта келісімшарт мүлдем басқа. Онда сақтандыру компаниялары аэропоттан түскеннен, әр маманды қз жауапкершілігіне алады.
– Соған сай гонорар сұрайсыздар ма? Тым болмағанда...
– Жоқ. Бізде білесіздери гонорар үлкен емес. Біз ақшаны сол шетелдегі жобалардан табамыз.
Күнғожинов мырзаның бұлай алаңдауы бекер емес. Төбелес сахналарын былай қойғанда, көлік аударылатын атыс-шабысқа толы сахналар толығымен командасының мойынында. Экшнға толы боевикте гримерлердің де жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай екен.
– Түсірілім алаңында мына грим бірден көзге түсті. Қанша уақыт алды. Айтып бере аласыз ба?
Әрлеуші мамандар:
– Дайындығы бізде 40 минуттай. Бұл жерде бізде жасалған механизм. Қан жіберу техникалары бар.
– Жалпы жобаға қанша литр қан кетеді депе есептедіңіздер?
– Шамамен 200 л. қан артығымен есептедік. Одан да көп кетіп қалуы мүмкін. Жетпей жатса тағы да жасаймыз.
«Жараның деңгейіне қарай қанның түсін шығару, кейін оны сағаттап қайнату да оңай жұмыс емес» -, дейді әрлеуші мамандар.
Фильмнің желісі қарапайым ауыл азаматы Шымырдың қалаға сапарынан басталады. Көлігіне сайман іздей келген сері, күтпеген жерден құмар ойынның құрбанына айналған досының өліміне куә болады. Ендігі миссиясы букмерлік мафияны әшкерелеу.
Еркебұлан Дайыров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Иә. Құмар ойынның да қатысы бар және оның соңы неге апарып соқтырады. Жалпы қоғамдағы біраз әділетсіздіктер көрінеді енді…
Касттағыларға тақырыпқа сай сауал жолдадық. Әшім Ахмет бәс тігіп бәлеге қалған кездер болғанын жасырмады.
– Тоқтамы не болды сіз үшін? Әрі қарай бас сұқпайтындай?
Әшім Ахмет, актер:
– Футбол көретін жерге барамыз ғой енді. Футбол көріп отырғанда үлкен кісілерді көрдім. Шаштары күтімсіз, әбіржіп кеткен. Әлі футбол көріп, бәс тігіп отырған. Сондай болғым келген жоқ, жүрегім айныды. Содан тоқтадық бәріміз.