Tik tok live fest! Анара Батырхан Таиландта өткен стримерлер байқауында жеңіске жетті.

Таиландта өткен Tik Tok Live Fest-ке аттанған Анара Батырхан елге жүлделі оралды. Әлемнің ең мықты стримерлері бақ сынаған байқауда аруымыз жеңіске жетіп, 1-орынды қанжығалады. Көк туымызды көкке көтерген қызымызды жанкүйерлері назарсыз қалдырмады. Әуежайдан күтіп алып, құшақ-құшақ гүлдерін ұсынып, жылы лебіздерін жаудырды. ...