Bota Mia мен Еркебұлан Тоқтар-дың ара-қатынасы көптің талқысында. Кейбірі жарнамалық коллаб дегенімен басым бөлігі жұп деп болжап жатқаны да жасырын емес. Ақ-қарасын айтып, желіде тарқатар деп ек, үндемеді. Сондықтан түсірілімдердің бірінде көзге түскен Бота Миадан мән-жайды сұрадық.
Bota Mia, блогер:
– Еркебұланмен біз негізі 5 жыл бұрын таныс екенбіз. Былай біздің таныстық негізі менің түсірілімімде болып қалды. Маған алаңға реквизит керек болды, Еркебұланнан сұрадым, оның алдында өмірде кездеспеген едік. Сөйтіп келді, спорт лентасын орай алмаймыз. Кейін өзі келді де: «әкелші мен орап берейін!» - деп сол кезде ресми таныстық.
Әңгіме мұнымен аяқталмаған. Жастар хабарлама алмасып, желіде тілдескен екен.
Bota Mia, блогер:
– Содан екеуімізді көп фото түсірген біздің маркетолог жігіттер моментті жібермейді ғой. Сонымен романтикаға толы әсерлі кадрлар шығыпты, кейін фотосуреттерді бір-бірімізге жібергенде біз бұдан бұрын таныс екенімізді білдік. Инстаграм желісінде direct бөлімінде 2020 – 2021 жылдры ма сөйлескен екенбіз. Сондай қызық оқиға болған.
Таныстықтың жайы түсінікті. Ал араларыңыздағы махаббат өрті қашан тұтанды?
Bota Mia, блогер:
– Сөздің ашығы бізде махаббат жоқ. Тек жұмыс барысы. Бір-бірімізді өте қатты толықтырамыз. Тіпті 2-3 сағаттап әңгіме айта береміз. Мүмкін содан жұп сияқты көрініп қаламыз…
Жұрт әңгімелеріңізге емес, ортақ видеоларға қарап жұп деп болжады. Ташкентке алып-ұшып жеткеніңіз де күмәндануға сеп болғаны рас.
Bota Mia, блогер:
– Ол кезде видеомыз шығып, менің парақщамдағы қаралым саны артып кетті. Хайпты әрі қарай алып кету керек деп, Еркебұланға барып, қолдау беріп қайттым.
Жұп емеспіз деп жалтарды. Рас-өтірігі бізге де беймәлім. Әңгімесіне қарап өзіңіз топшыларсыз...
Bota Mia, блогер:
– Сырттан Бота артынан жүгіріп жүр деп ойлайды. Ал бізде достық ара-қатынас.