Бүгінде Халықаралық Роттердам кинофестивалі Еуропадағы ең белелді байқаулардың бірі әрі бірегейі. Жарты ғасырдан астам тарихы бар дода биыл қаңтарда бастау алып, ақпанла өз мәресіне жетті. 50 ден астам ел қатысқан шарада отандық «Ауру картинасының көрсетілімі өтті.
– Халықаралық Роттердам кинофестиваліне барып келдіңіздер. Шара қалай өтті? Көңілдеріңізден шықты ма?
Айтөре Жолдасқали, режиссер:
– Иә, бізге өте қатты ұнады. Бұл менің өзімнің барған бірінші үлкен фестивалім және де жалпы бір үлкен арманым орындалды деп айтсам болады.
Әу-баста режиссер фильмді шетелдік нарыққа шығару жайлы мақсат қоймаған-ды. Бірақ, кейін дистрибьюторлердің ұсынысына Айтөре қарсылық танытпаған. Нәтижесінде, Роттердамда өткен кинофестивальде аталмыш лентаның 3 көрсетілімі болған.
Фильмнің желісі бойынша жас отбасы несиелерінен құтылу үшін түрлі қитұрқы әрекеттерге барады. Алайда жалғанды жалпағынан басамын деген олар күтпеген жағдайға тап болады. Білуімізге, бұл толықметрді шетелдік көрермен «қара комедия» жанрында қабылдаған-ды.
Айтөре Жолдасқали, режиссер:
– Негізі біз жазған кезде сондай траги-комедия қып жазған едік. Бірақ біз Қазақстанда халық оны енді күнделікті көріп жүргеннен кейін қатты битіп серьезно қабылдады да. Ал ол жақтағы көрермен барлық бағанағы күліп бағанағы төбелестерге қатты битіп реакция беріп. Қызық болды жалпы бізге реакциялары.
Кинофестивальдің ұйымдастырушыларына 5 мыңнан астам өтінім жіберілген. Нәтижесінде, кәсіби мамандардан құралған шығармашылық ұжым, дебютанттар категориясы бойынша небәрі 14 картинаны таңдап алған. Ал «Ауру» фильмі сол толықметрлердің қатарына іліккен.
– Шетелдік киносыншылардың айтқан пікірі жайлы айта аласыз ба?
Айтөре Жолдасқали, режиссер:
– Оларға бұл фильм қалай жасалғаны, визуал, режиссура тұрғысында қалай жасалғаны сол қызығырақ болды және көбісі музыканы қалай жасалғанын және актерлық ойынын атап өтті көбінесе. Және «өзінің бір авторлық стилі бар»- деген, жақсы пікірлер келді.
– Толығырақ айтыңызшы. Актерлық кұрамға, режиссерге не деп айтты?
– Аянды өте көп мақтады. Аян да өзінің іштей бір нелерімен бөліскенде эмоцияларымен жалпы индустрияға көзқарасым өзгеріп кетті дейді да. Жалпы өзімнің жұмысыма көзқарасым өзгерді деп бізбен бөліскен еді.
«Кино нарықтағы қалыптасқан заңдылық бойынша, лентаның ең бірінші қай жерде көрсетілетіні маңызды рөл ойнайды» дейді режиссер. Расымен де Айтөренің сөзінің жаны бар сыңайлы. Оған дәлел, туынды алдағы уақытта масштабты фестивальдерде көрсетілмек екен.
Айтөре Жолдасқали, режиссер:
– Лондонда фестиваль болады, соған барамыз. Нью-Йоркке, Азиялық фестивальдерге барамыз. Бізге енді 100 шақты фестивальге баратынымызды айтып уәде беріп қойды.
Сонымен қатар, аталмыш картина тек ауқымды кинофестивальдерде бақ сынап қана қоймай, алдағы уақытта әлемдік прокатқа ұсынылмақ.
Айтөре Жолдасқали, режиссер:
– Қазір Францияда бізде бұйырса прокат болады деген нақты ақпарат бар. Францияда кинотеатрда широкий прокатқа шығады. Одан бөлек енді басқа елдерге де сөйтіп сатады.