Ione! Жаңа girls-band-тің төңірегінде дау

Сообщить о проблеме с эфиром

Ione. Музыка индустриясындағы қос алпауыт продюсер бірігіп, су жаңа girls-band құратынын жариялағаны естеріңізде болар? Ауқымды кастинг жариялап, үздіктерді іріктеген еді. Мыңдаған таланттың арасынан іріктелген кіл мықтылар алдарыңызда. Ендеше таныс болыңыздар.

IDO, iONE! тобының мембері:

Менің есімім Идо: менің есімімнің мағынасы «I do» деген ағылшын сөзінен келген. Яғни мен істеймін!

KAYA, iONE! Тобының мембері:

Кая - жаңа бастама дегенді білдіреді. Жаңа атпен жаңа өмірге кірдім деп қабылдаймын.

QARU, iONE! тобының мембері:
– Лақапатымның Қару болу себебі, мықты ол қару,

AERIS , iONE! тобының мембері:

Менің лақап атым Эрис. Бұл ауа дегенді білдіреді. Мен анимеден қарап шабыттандым.

SYRENE, iONE! тобының мембері:

Себебі, сиреналардың дауыстары қатты ұнайды. Олар гипноз арқылы жаулап алады ғой.

NARIN, iONE! тобының мембері:

Нарин түрік тілінен аударғанда сабырлы, нәзік, жұмсақ дегенді білдіреді. Өз табиғатыма жақын болған соң алған болатынмын.

RUNA, iONE! тобының мембері:

Менің лақапатымның мағынасы құпия сыр дегенді білдіреді.

 

Қыздар сахналық есімдерін өздері таңдаған. Болмысын айшықтайтын stage name-ді бекіткен соң топтың атауын анықтауға кіріскен. Ione. Ай - мен. Әрқайсымыз жеке тұлғамыз. Ал біріксек уан, яғни бір бүтінге айналамыз дейді мемберлер.

 

SYRENE, IDO , iONE! тобының мемберлері:

Ендігі кезекте айуан тобының жеке гардерообы.

Қызықты киімдерге келсек. «МOVEBACK» клипына түскен спешл киімдерді көрсетсем болады.

Міне басқа қыздардың да спортка киетін киімдері секицяда тұрады.

Келесі бізде аяқ-киімдер бар. Әр шкафтың астында етіктер тұрады. Сүйікті етігім осы.

 

Киімдері де, күнделікті кестесі де бекітілген. Алдымен хореографпен дайындалады, кейін рэп айтып шынығады. Сосын дауыстарын жаттықтыру үшін вокал бөлмесіне аттанады. Айтпақшы, тректердің авторы өздері. Сондықтан қыздар қол босаса шабыт іздеп студияда сабылады екен.

 

Ido, iONE! тобының мембері:

Мысалы келтірсек қару бізге бір әнді алып келеді. Қайырмасын куплетін, одан талқылап, әрі қарай дамытып жазу процесін бастаймыз. Жазу процесінде рэперлер өз мәтіндерін жазады, вокалистер гармонияларыр ойластырады. Бэк вокал барлығын. Сөйтіп біз барлығымыз отырып, соңында күшті идеялар қосамыз.

 

Жақында құрылғанына қарамастан хэйт бары жасырын емес. Кей тыңдарман кастингтін әділ өткеніне күмәнмен қарайтын көрінеді. Себеп мынада. Топтың лидері Қару - Ерболат Беделханның туысы. Продюсер расында да танысын тартқан ба?

Qaru, iONE! тобының мембері:

Ерболат ағаның арқасында келді деген пікірге келісемін. Бала кезімнен өнерін көрдім. Кумирім болды. Бірақ, дәл сол кісі осы жерге кіргізді дегенге келіспеймін. Мен біраз жыл проектте жүрдім. Айуан емес, жүзім кезінен басталды. Топты іріктеу кезінде тек қана Ерболат Беделхан болмалды ғой, Бағым Мақсатқызы, Баян Мақсатқызы қолдауымен келдім.

 

Қару - топтың лидері. Бұл продюсердің емес, қыздардың шешімі. Сонг-урайтер қызметі де өзінің мойынында. Орданың Удай әнінің композиторы да Қару. Таныстың жайын білмейміз, бірақ бір бойында талант жетерлік.