2RAR-дың экс продюсері жаңа герлз бэндті қолға алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Баян Мақсатқызы Элизатпен жұмысты қайта бастаса, 2RAR-дың экс продюсері жаңа герлз бэндті қолға алды! Назира Алмұхаметова жақында құрылған топтың sofounder-і атанып, негізін қалаған жас продюсермен шығармашылық шығындарды өтеуге келіскен. Бұған дейін аузы күйген продюсер келісімшартқа не енгізді? 404-тің алдағы жоспарлары қандай? Толығырақ тілші бейнематериалында.

 

404! Жақында құрылған girls band ректің төрін бермей, көптің қызығушылығын оятты. Тректері трендке айналған арулармен жақынырақ таныстық. Аяқ алысы жаман емес, қатып қалған қағидаға сүйенбей, таптаурындарды бұзамыз дейді қыздар.

«404» тобы:

Біздің тобымыз «404» деп аталады. Себебі, ол негізі қателік дегенді білдіреді. Біз бір шектеулерге қысылмай, шығырмашылықта өзімізді еркін көрсеткіміз келеді. Сол себепті, тобымызды осылай деп атадық.

«404» тобы:

Негізі тобымызда Жания басты енді композитор деп айтсақ болады. Бірақ кейбір кезде өз партиямызды өзіміз жазамыз. «БОМБА» трегін бірігіп жаздық. Негізі жазу процесі күшті жеңіл өтті. Өте тез болды. Біз машинада келе жатып шығарып тастадық.

 

Қыздар қазір келесі туындының қамына кіріскен. Жақында Қанаймен жаңа фит шығады деп қуантты.

«404» тобы:

Бүгін біз күшті керемет көктемге келетін Qanay ағаймен фит жазып жатырмыз. Келші деген ән. Негізі әрбір бұл ән махаббат туралы, бірақ әрбір әртіс махаббатты өзінің бір вайбында жеткізеді.

 

Фит жасауға ұсыныс білдірген Қанай. Қыздар мәтінге көз жүгірткен соң өз стилдеріне сай түрлендірген екен.

«404» тобы:

Біз басында мүлдем күтпедік, қуандық. Солай әнді дайындап бірге отырып шешіп, осындай керемет стильде бір туынды шығарайын деп жатырмыз. Күтіңіздер!

 

Топты құрған режиссер Арман Қожатай. Бұл оның продюсер ретіндегі дебюттық жобасы.

Арман Қожатай, продюсер:

«404» тобы:

Бізге релиз алдында бізге бір ұсыныс түсті. Бір мықты әйгілі продюсер Назира Әлмухаметова Тұрардың экс продюсері бізге жазды кездесейік деді. Біз енді-енді «БОМБАНЫ» жазып жатқан кезде енді клипті түсірген кезде сол материалмен бардым. Қатты ұнады. Кейін бірге жұмыс істеуді жөн көрдік.

 

Арман өзі де тәжірибелі маманмен күш біріктіруді қалаған. Сондықтан Тұрардың экс-продюсерінің ұсынысын бірден қабылдадым дейді. Мамандар қол алысқан соң, жұмысты бөлісіп, келісімшарт жасасуға кіріскен.

Арман Қожатай, продюсер:

Мен креатив жағынан жауап берсем. Қаражат және тәжірибе жағынан ол кісі жауап береді.

 

Тұрар мен продюсерінің арадағы келіспеушілігі баршаға мәлім. Аузы күйген соң да болар продюсер бұл жолы бәрін бекіткен. Сонымен шығармашылық шығынды мойынына алғанымен көркемдік жұмысқа Арман Қожатай жауапты болмақ. Тәжірибелі әрі креативті маман 9-мамыр тағы бір бейнебаян ұсынбақ. Қапы қалмаңыз дейміз.