Отандық киноиндустрия ана жайлы тағы бір туындымен толықпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көрерменнің бұлай деп ренжуі бекер емес. Жыл басынан бері жарыққа шыққан фильмдердің басым бөлігі ана тақырыбында. Киногерлердің сөзіне сенсек ақ жаулықты жандарға арналған тағы бірнеше фильм кезекте тұр-мыс. Бұл тенденция қайдан пайда болды дееп бас ұратындары осыдан.

Мақсат Рақмет, актер:

Биыл қателеспесем мама туралы 5-6 фильм шығады. Біріншісі «Құшақташы,мама». Мама туралы 100 кино түсірілсе де артық емес.

 

Шымылдықты «құшақташы, мама» фильмі ашты. Артынша «Тастамашы, мама» картинасы көрерменге жол тартты. Көп ұзамай Қырғызстандық туынды «Пейіш» үлкен экранға шықты. Ананың қадірін ұқтыруға бағытталған тағы бір жоба кезекте тұр. Продюсері Азамат Сатыбалды. Актер көрерменнің бұлай шүйлігуін түсінемін, бірақ бұл шексіз тақырып дейді.

Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Соңғы кезде ана тақырыбында кино көбейді. Бұл жақсы емес пе, комедиядан гөрі ана тақырыбындағы кино көбйегені жақсы. Себебі, ана әлем, ана бітпейтін тақырып. Әрбір кино шығарушылар ананың бір қырын ашып жатыр. суреткер ретінде. Біз де оқиғаны ананың көзқарасымен беруге тырыситық.

 

Азамат Сатыбалдының бұл идеяны пысықтап жүргеніне 4-жыл. Алдымен ана жайлы қойылым сахналағысы келген екен. Кейін толықметр ретінде таспалауға бел буған. Бұл жоспарымнан әріптестерім де хабардар еді дейді актер. Бірақ, алдымды орады деп өкпелемеді. Сөзін «мама жайлы күніне бір фильм түсірсек те аздық етеді»,- деп түйіндеді.

Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Киногер достарымның бәрі біледі. Фильмді 4 жыл бұрын презентовать еткем. Алдында қысқа метр болған. Оны қаузап-қаузап толықметр еттік.

 

Осы тақырыпта Асан Мажитпен де сұхбаттастық. Актер бастысы киногерлер бұл бағытқа ұзақ ізденіспен келу керек дейді.

Асан Мажит, актер:

Жалпы ана туралы тақырып жай өте салатын тақырып емес. Әрбір киноөндіруші өқндіруші ретінде, өнерді тудырушы адам ретінде тьыңғылықты дайындықпен келеді деп ойлаймын. Осы кезеңге тұспа тұс кеп қалған шығар.

 

Қысқасы барлығы дерлік сәйкестік дегенді алға тартты. Әр фильмнің берер месседжі әртүрлі дейді. Көріп, өзіңіз сараларсыз, көрермен.