Бұл жылдың төрт мезгілінде түсірілген алғашқы мелодрама. Ғашықтарды Аян Өтепберген мен Ақбота-Нұр Сейітмағамбет ойнайды. Желісі бозбала шақтағы албырт сезімді емес, ес тоқтатқан кезде кездестірген соңғы махаббат жайлы баяндайды.
Жансерік Қадырбаев, кинопродюсер:
– Махаббат оқиғасы толық баяндалған фильм жоқ қой. Арасында бізде комедия қосады тағысын-тағы. Ал қыз бен жігттің историясын аяғына дейін алып баратын оқиға Қазақстанда жоқ десе болады.
Фильмнің продюсері Жансерік Қадырбаев пен Ернар Нұрғалиев. «Оттегі» фильмі төтенше жағдайларға тұспа-тұс кеп, Қадырбаевты біраз шығынға батырғаны баршаға мәлім. Ауызы күйсе керек, бұл жолы бірігіп таспалауды ұйғарған.
Жансерік Қадырбаев, продюсер:
– 4 мезгілінде түсірілді деп жатырсыз ғой жылдың, бюджетін біле аламыз ба?
– қазір 150-300 арасында түсіріп жатыр. Соның ортасындамыз ғой.
Фильмнің желісі онкологиялық ауруға шалдыққан қыз бен жігіттің оқиғасын баяндайды. Екеуі де өмірден күдер үзген шақта бір-бірін кездестіреді. Махаббат оты тұтанған соң дертпен күресуге шешім қабылдайды. Қанша бекінгенмен, оларды күтпеген тосынсыйлар күтіп тұр.
Аян Өтепберген, актер:
– Бұл бірінші стиль. Фильмді Нұрсұлтан бауырым түсірген, оператор. Ол кей кадрды біраз жыл бұрын көрген енді іске ас ырды. Ал мен максималды қазақ менталитентін қосуға тырыстым. Сөз болсын, бөлек әсер береді.
Аян Өтепберген сырқаттанған кейіпкерінің хал-ахуалын дөп көрсету үшін бірнеше келі салмақ тастаған. Ал Ақбота-Нұр Сейітмағамбет болса, түсірілім барысында образы мен шаш үлгісін өзгерткен екен.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, актриса:
– Стилистермен, режиссермен ақылдаса отырып жасалған дүние. Ернар өзі бірден байқады, Ақбота-Нұрға осындай жарасады. Бұрын болмаған классика образын әкелейікші деді. Шаш үлгі де макияж да ерекше болды. Енді дорама болды.
Көптің көқейіндегі сауалды жолдамасқа болмады. Түсірілім алаңындағы химия махаббатқа айналуы мүмкін бе?
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, актриса:
– Өтініш, қоспауларыңызды сұраймын. менің уже басым бос емес.
– Шынымен де Ақбота-Нұрдың жүрегін жаулаған сері бар ма?
– Оны жарты жылдан кейін сұраңыздар.
– Жарты жылдан кейін көрсетеміз бе?
– Тойға шақырамын.
– Бүгін сүйіктіңіз жабық көрсетілімге құттықтап келмей ме? Гүл шоқтарын алып?
– Осында
– Өнер адамы ма?
– Жоқ, жоқ...
«Соңғы махаббат» фильмінің жабық көрсетіліміне келген Ақбота-Нұр соңғы махаббатымды кездестірдім деп мәлімдеме жасады. Ал енді танымалдардың толықметрден алған әсеріне кезек берейік.
Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Асанның сөзі бар асырып айтатын керек-ақ жаңбыр дейтін. Сол сияқты көктемде, мынау тамаша маусым басталардың алдында керек-ақ кино, керек-ақ тақырып, әдемі ашылған. Актерлер бауырларымыз жақсы ойнаған. Жалпы кино өз жанрын ұстап тұр. Маған сол ұнады.
Асан Мажит, актер:
– Қазір прайм эра жүріп жатыр деген әңгіме жүріп жатыр ғой. Қазір прайм эра емес, Аян өтепбергеннің эрасы жүріп жатқан сияқты. Құтты болсын!